Маяқұм ауыл округі Ө.Жәнібеков көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 14 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 6 мамырда № 6189 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 28 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауыл округі әкімінің 15.07.2021 № 28 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 128 хатына сәйкес, Маяқұм ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Құтыру" ауруының шығуына байланысты Маяқұм ауыл округі Ө.Жәнібеков көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Маяқұм ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маяқұм ауыл округі әкімі Б. Иманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады