Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 17 наурыздағы № 49 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6103 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармағына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Kurumsak Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Құрымсақ кен орнында ванадийді барлау үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 17.05.2022 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Полатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады