Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 125 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 6165 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін Шолаққорған ауылының Шайық Оқшиев көшесінен -0,0388 гектар, Жібек жолы және Сұлтанбек Қожанов көшелерінің қиылысынан-0,0560 гектар, Жібек жолы көшесінен-0,0116 гектар, Абылайхан көшесінен 0,049 гектар, барлығы 0,1554 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) алынып тасталды - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 18.08.2022 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 18.08.2022 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А. Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады