Шектеу іс-шараларын тоқтату және Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 25 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қыркүйекте № 24279 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 08-02-07/254 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Жануарлардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринария-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі Қызылкөл елді мекені Жыланды жайылымының мал қорасы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23258 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ғ. Пәрдебекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады