Аққұм ауылдық округі Аққұм елді мекені Қапал Батыр көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 18 наурыздағы № 3 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 19 наурызда № 6115 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 05 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Аққұм ауылдық округi әкiмiнiң 26.04.2021 № 05 шешiмiмен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02-07/65 ұсынысы негізінде, Аққұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округіне қарасты Аққұм елді мекені, Қапал Батыр көшесі № 59А үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Аққұм ауылдық округі, Аққұм елді мекені, Қапал Батыр көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққұм ауылдық округінің әкімі Б. Рахимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады