Кемеқалған ауылдық округі Абай елді мекені Мектеп көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 11 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 12 сәуірде № 6157 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 54 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округi әкiмiнiң 28.12.2021 № 54 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-07/105 ұсынысы негізінде, Кемеқалған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Мектеп көшесіндегі № 1 үйден уақ малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты, Кемеқалған ауылдық округі, Абай елді мекені, Мектеп көшесіндегі (№ 1 үй – № 10 үй аралығы) 10 үйге шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. "Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Д. Дарибоев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады