Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 272 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 80 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 6151 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылдың 27 желтоқсандағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 272 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4249 тіркелген, 2017 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік салалар бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Байғұт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады