Шектеу іс-шараларын тоқтату және Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округ әкімінің шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 43 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шілдеде № 23698 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түлкібас аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 08-02-03/252 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бурцелез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Балықты ауылдық округі, Абай ауылы Абай көшесіне белгіленген шектеу іс шаралары тоқтатылсын.

      2. Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 20 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6152 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Балықты ауылдық округ әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оның ресми жарияланғаннан кейін Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Телгараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады