Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 14/6-VII шешімі және Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 5186 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26476 болып тіркелді

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 235 және Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2/4-VII "Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру азаматтардың келесі санаттарына белгіленсін:

      1) 70 жастан асқан азаматтарға - тариф құнының 55 %;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан және (немесе) көп балалы отбасылардан шыққан білім алушы балаларға - тегін жол жүру.".

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімінің орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Д.В. Федченкоға жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар
      Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады