Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты "Мирас" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қопа ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 мамырда № 8803 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 05 сәуірдегі № 246 ұсынысы негізінде, Қопа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты "Мирас" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қопа ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 1 "Аягөз ауданы Қопа ауылдық округіне қарасты "Мирас" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7033 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 06 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қопа ауылдық округінің әкімі Н. Жетибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады