Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Қабанбай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Нарын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 наурызда № 8452 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 25 ақпандағы № 120 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Қабанбай көшесінің аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Нарын ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 1 "Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылы Қабанбай көшесінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7889 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 06 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нарын ауылдық округі
әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Б. Чонгожбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады