Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 176 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 мамырда № 8804 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін;

      3) осы хабарламаны ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 139 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Баталов

  Бесқарағай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 176 қосымша
Бесқарағай аудандық
әкiмдiгiнiң қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, бөлімшенің меңгерушісі, ассистент, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесші, күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, диеталық мейіргер, психолог, нұсқаушы, музыкалық жетекші, тәрбиеші, мейіргер, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалау және мұқтаждықты анықтау бойынша әлеуметтiк қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, әдіскер, инспектор, әртіс, мәдени ұйымдастырушы, кітапхана директоры, кітапханашы, хореограф, балетмейстер, костюмер, музыка жетекшісі, оператор: дыбыс жазба, бейне жазба.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады