Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24898 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 қазандағы № 863 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты "Нұрдана" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23652 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте;

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шілікті ауылдық округінің әкімі А. Кенесов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады