Шектеу іс-шараларын алу және Біржан ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 02 сәуірдегі № 1 "Біржан ауылдық округіне қарасты "Әбдікен" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23850 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 шілдедегі № 658 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Біржан ауылдық округіне қарасты "Әбдікен" шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Зайсан ауданының Біржан ауылдық округі әкімінің "Біржан ауылдық округіне қарасты "Әбдікен" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 02 сәуірдегі №1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8530 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Біржан ауылдық округінің әкімі С. Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады