Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24929 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 қазандағы № 864 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Ақарал ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 15 маусымдағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23159 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан ауылдық округінің әкімі С. Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады