Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 4 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25343 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 08 қарашадағы № 857 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Қаратал ауылдық округінің Қаратал ауылының Қ.Омаров көшесінің 39, 43, 46, 55, 74, 82, 84 аулаларына, Б.Рапиев көшесінің 6, 10, 12, 15, 16, 17, 27, 37, 37/2 аулаларына, К.Рамазанов көшесінің 18, 28, 44, 45 аулаларына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23011 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауылдық округінің әкімі К. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады