Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 шілдеде № 23599 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Күршім ауылдық округі әкімінің 19.04.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 26 мамырдағы № 720 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Күршім ауданы Күршім ауылдық округінің "Құла жорға" учаскесінде орналасқан "Берік" шаруа қожалығына мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының
Күршім ауылдық округі әкімі
Е. Нурсоветов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады