Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 159 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 8691 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 300 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 128-18 болып тіркелді.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті ауданының әкімдігінің 26.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес,азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. "Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Талгатович Майкеневке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті ауданының әкімі Р. Сейтканов
     

      КЕЛІСІЛДІ:
Көкпекті аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ Т. Сарманов
"___" __________ 2021 жыл

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 159 қаулысына
1 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.

      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, диеталық мейіргер, фельдшер, кітапханашы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, педагог - психолог.

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 8 сәуірдегі
№ 159 қаулысына
2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары.

      2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: клуб меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, көркемдік жетекшілер, әртістер, балетмейстер (хореограф), музыкалық оператор, кітапханашылар, клуб жөніндегі маман, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады