Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің Ақжал елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 21 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23778 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 07 шілдедегі № 367 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің Ақжал елді мекеніне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 21 "Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің Ақжал елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7877 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      әкім С. Ыгиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады