Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 480 "Ұлан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 182 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 8498 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылға 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 9-тармағына және 46-бабының 2-тармағы 4)тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 480 "Ұлан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6438 тіркелген, 2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде).

      2. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Ұлан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Р. Курмамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады