Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақсн облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 8584 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Асубұлақ кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі келесі көшелер қайта аталсын:

      "Ленин" көшесі "Абай" көшесіне,

      "Октябрьская" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне,

      "Ушанов" көшесі "Болашақ" көшесіне,

      "Киров" көшесі "Ардагер" көшесіне,

      "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне,

      "Автобазовская" көшесі" "Жүргізушілер" көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Асубұлақ кентінің әкімі Н. Дюсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады