"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 ақпанда № 26921 болып тіркелді

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18750 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 12-2-тармақпен толықтырылсын:

      "12-2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесіншы және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады