Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27739 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
Министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34
Бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13701 болып тіркелген);

      2. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 403 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16187 болып тіркелген);

      3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 69 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19087 болып тіркелген);

      4. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 8 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22080 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады