Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27871 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 26 сәуірдегі
№ 228 Бұйрығымен
бекітілген

Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы талаптар жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдардың техникалық және функционалдық сипаттамаларын айқындайды.

      3. Көлік инфрақұрылымының барлық объектілерінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік бөлігінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін техникалық құралдар орнатылады.

      4. Көлік инфрақұрылымы объектілерінде жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеру кезінде мынадай техникалық құралдар қолданылады:

      1) стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар);

      2) портативтік (қол) аспаптар;

      3) рентген-телевизиялық қондырғылар;

      4) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура.

2-тарау. Стационарлық металл тапқыштарға (металл детекторларына) қойылатын талаптар

      5. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар) адамның денесінде және оның киімінде суық және атыс қаруын, құрамында металы бар жарылғыш құрылғыларды (гранаталарды), алып өтуге тыйым салынған, құрамында металы бар әртүрлі өндіріс өнімдерінің түрлерін табуға арналған және арка немесе баған үлгісіндегі стационарлық құрылғылар түрінде орындалады.

      Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар):

      1) іздеу объектілерін табу ықтималдығы жоғары;

      2) күзетілетін объектіге алып өтуге рұқсат етілген металл заттарға қатысты селективті;

      3) қоршаған ортаға (оның ішінде құрамында металл бар заттарға) барынша бейімделуге қабілетті;

      4) электр-магниттік сәулеленудің сыртқы көздерінен болатын бөгеуілдерден қорғалуы жоғары;

      5) бақыланатын кеңістіктің бүкіл аумағында анықтауға біркелкі сезгіш;

      6) металды түрлі массаларын табуға оңай икемделуге қабілетті;

      7) имплантталатын электр кардиостимуляторы мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі;

      8) пайдаланылатын орында диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруі;

      9) қажет болған кезде тәулік бойғы режимде жұмыс істеуді қамтамасыз ету мүкіндігі бар.

      6. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар) олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін қолдау және жөндеу үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және бұйымның диагностика әдістері бар толық техникалық сипаттамасынан тұратын құжаттамамен жиынтықталады.

3-тарау. Портативтік (қол) аспаптарға қойылатын талаптар

      7. Портативтік (қол) аспаптар:

      1) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын табуды және қажет болған жағдайда тануды қамтамасыз етуі;

      2) металды түрлі массаларын анықтауға қайта баптауды қамтамасыз етуі;

      3) стационарлық металл тапқыштармен жұмыс істеген кезде бірге қолдану мүмкіндігінің болуы;

      4) пайдаланылатын орында диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруі;

      5) дербес қуат көзінен кемінде 10 сағат үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етеді.

      8. Имплантталатын электр кардиостимуляторлар мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі бар портативтік (қол) аспаптар.

4-тарау. Рентген-телевизиялық қондырғыларға қойылатын талаптар

      9. Рентген-телевизиялық қондырғылар металл және бейметалл атыс қаруын, оның бөлшектерін, барлық калибрдегі оқ-дәрілерді, гранаталар мен жарықшақтық/жарылыстық әрекеті бар қарулардың барлық түрлерін, пышақтарды, жуан таяқтарды, семсерлерді, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторлар мен сағаттық механизмдерді, электрлік және электрондық бұйымдарды, электр энергиясы көздерін тануға арналған.

      10. Рентген-телевизиялық қондырғылар конвейері төмен деңгейде орналастырылады (еден деңгейінен биіктігі кемінде 300 мм).

      11. Рентген-телевизиялық қондырғылар:

      1) мынадай негізгі мүмкіндіктері: объектілерді атомдық саны мен тығыздығына бөлу, кескінді 12 учаскесі бойынша ұлғайту, атомдық санын өлшеу, кескін мұрағаты, түрлі-түсті және ақ-қара кескін, үздіксіз қарау, кескінді біртіндеп бірнеше есеге ұлғайту, конвейер таспасының қуатты жетегі, сапалы кескін, басып шығарғышты қосу мүмкіндігі;

      2) рентгендік сәулеленудің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін конструкциясы;

      3) кинофотоматериалдарды, электрондық жеткізгіштерді рентген-телевизиялық қондырғылардың жұмыс аймағы арқылы он мәрте өткізген кезде олардың тұтастығын бұзуға мүмкіндік бермейтін рентгендік сәулелену деңгейі;

      4) рентгендік сәулеленудің қосылуының жарық сигнализациясы, қорғағыш экрандардың тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленудің ажыратылуын және пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз болған жағдайда, электр тоғы берілуінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін бұғаттаулары;

      5) пайдалану орнында диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.

      12. Рентген-телевизиялық қондырғылардың имплантталатын электр кардиостимуляторлары мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі бар.

      13. Рентген-телевизиялық қондырғылар олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін қолдау және жөндеу үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық сипаттамасынан тұратын құжаттамамен жиынтықталады.

5-тарау. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураға қойылатын талаптар

      14. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура күдікті ауа сынамаларының компоненттік және құрылымдық талдауын жүргізу жолымен олардың немесе олардың іздерінің болуын айқындау үшін қолданылады.

      15. Аппаратура:

      1) талдаудың заманауи физикалық-химиялық әдістерін пайдалануға негізделген заттарды сәйкестендіреді;

      2) тротил, гексоген үлгісіндегі штатты жарылғыш заттарды анықтауға мүмкіндік беретін сезгіш;

      3) заттардың бетіндегі жарылғыш заттардың іздерін экспресс-анықтайды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыштар);

      4) желілік қуат алу блогынан, сол сияқты дербес көзден де жұмыс істейді;

      5) дыбыс және жарық сигнализациясы жүйесі оператордан тәуелсіз жұмыс істейді;

      6) пайдаланылатын орында диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.

      16. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураның имплантталатын электр кардиостимуляторлары мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі бар.

      17. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жиынтықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады