"Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27900 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі сәуірдегі № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22644 болып тіркелген) Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Орналастыру қағидалары) сәйкес өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көлемі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалады.";

      7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұсынылған электрондық есеп осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өнім берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген мерзімдерде ай сайын жүргізіледі.

      Ұсынылған электрондық есептің осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, оператор оны қарастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнім берушіге пысықтауға жібереді.

      Өнім беруші анықталған сәйкессіздіктерді жояды және электрондық есеп оператордан қайта пысықтауға жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық есепті операторға жібереді.

      Электрондық есепті пысықтағаннан кейін өнім берушіге ақы төлеу осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.

      8. Өнім берушіге ақы төлеу әрбір баланың сабаққа нақты қатысуы негізінде, Әдістемеде белгіленген сабақтардың ең көп санынан аспайтын көлемде жүргізіледі.

      Өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төлем сомасына әрбір бала бойынша келесі дәлелді себептер бойынша өткізіп алған сабақтар енгізіледі:

      1) баланың ауруы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 037/у нысаны бойынша студенттің, колледж, кәсіби-техникалық училище оқушысының уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы, мектепке, мектепке дейінгі балалар ұйымына барушы балалардың ауырғаны, карантинде болуы және басқа да келмеу себептеріне сәйкес анықтама негізінде;

      2) заңды өкілдің демалысы кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде, бірақ жылына 6 сабақтан артық емес.

      Мемлекет тарапынан шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан туындаған, нәтижесінде балалар шығармашылық үйірмелерге бармайтын өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруы кезеңінде ақы төлеу Әдістеменің 5 және 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар Орналастыру қағидаларының 12-тармағында көзделген жағдайларға сәйкес қашықтықтан өткізілетін сабақтарға қолданылмайды.

      Өнім беруші өткен есептік кезеңдер үшін осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген дәлелді себептер бойынша ағымдағы есептік кезеңге қатысты 3 (үш) айдан кешіктірмей баланың қатыспауы туралы растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда оператор қайта есептеуді және төлем сомасын қосымша есептеуді жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады