Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28281 болып тіркелді.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 27 мамырдағы
№ 298 Бұйрықпен бекітілген

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі тәртібін регламенттейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алушы - өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасын алуға үміткер немесе қорландыру көздерінің бірі мемлекеттік қаражат болып табылатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының 8-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілеріне өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жазбаша келісімі негізінде бастапқы статистикалық деректерді, банктік және коммерциялық құпияны ашқан өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;

      2) еңбек өнімділігі - өндіріс көлемі мен еңбек ресурстарының, өндіріске жұмсалған жұмыс уақытының арақатынасы;

      3) есепті жыл - алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда жобалық қуаттарды пайдалануға беруді аяқтау фактісі тіркелген кезекті күнтізбелік жылдан кейінгі күнтізбелік жыл;

      4) қарсы міндеттемелер – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және мемлекеттің өзара міндеттемелері.

2-тарау. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану тәртібі

      3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша міндеттемелерді қабылдайды.

      4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған кезде алушы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларымен мынадай бағыттар бойынша жиынтықта немесе жеке көзделген қарсы міндеттемелерді қабылдайды:

      1) еңбек өнімділігін арттыру;

      2) экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту;

      3) ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету.

      5. Қарсы міндеттемелер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың ұсынылатын шарасы шеңберінде тараптар арасындағы жасалған келісімдерде көзделеді.

      6. Егер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың бір шарасы шеңберінде әртүрлі бағыттар бойынша бірнеше қарсы міндеттемелер айқындалған жағдайда, онда осы қарсы міндеттемелер жиынтығында қолданылады.

      7. Егер алушыға күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың бір шарасы қайта берілетін болса, онда қарсы міндеттемелер тараптар арасында жасалған әрбір келісім шеңберінде жеке қолданылады.

      8. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін мынадай қарсы міндеттемелер айқындалды:

      1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      "Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:

      үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жыл сайынғы негізде өткізілетін өнім көлемін ақшалай мәнде ұлғайту;

      2) лизингтік қаржыландыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;

      жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;

      3) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілдемелер беру:

      4) қаржы институттары арқылы кредит беру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін өндірілетін өнім көлемін ұлғайту;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      "Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:

      жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобалау көрсеткіштеріне сәйкес пайдалануға берілгеннен кейін лизинг мерзімі ішінде жұмыс орындарын құру және/немесе сақтау;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      "Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:

      үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жыл сайынғы негізде өткізілетін өнім көлемін ақшалай мәнде ұлғайту;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      6) ішкі нарықта ынталандыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      7) өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу:

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      2 (екі) жыл ішінде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен валюталық түсім кірістерінің көлемін кемінде 10% - ға ұлғайту;

      8) өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;

      9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнімнің экспорты;

      10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      2 (екі) жыл ішінде кәсіпорынның өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс көлемін мемлекет салған сомадан кемінде 2 (екі) есе ұлғайту;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      аумақтық кластерлер қатысушыларының-өнім өндіруші кәсіпорындардың еңбек өнімділігін бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша кемінде 2%-ға арттыру;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      бірлескен жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша аумақтық кластерлерге қатысушылардың өнім экспортының көлемін кемінде 3% -ға ұлғайтуы;

      12) берешекті қайта құрылымдау (қолданыстағы қарсы міндеттемелер болмаған жағдайда қолданылады):

      "Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:

      жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жыл сайынғы негізде ақшалай мәнде өткізілетін өнім көлемін ұлғайту;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      13) өнеркәсіптік гранттар беру:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      кәсіпорынның өндіріс көлемін 2 (екі) жыл ішінде 10% -ға ұлғайту;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;

      өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру ("СТ-KZ" сертификатымен расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5% - ға ұлғайту);

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      2 (екі) жыл ішінде экспорт көлемін 10% - ға ұлғайту.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 18.01.2024 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алушының қарсы міндеттемелерін орындау деңгейін есептеу мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде тараптар арасындағы келісімде айқындалған қарсы міндеттемелерге қол жеткізудің белгіленген деңгейінің және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі ұсынған ресми құжаттармен расталған кезең аяқталғаннан кейін қарсы міндеттемелерді орындаудың нақты деңгейінің пайыздық арақатынасында жүргізіледі.

      10. Егер 1 (бір) алушыға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың 1 (бір) шарасын ұсыну кезінде бірнеше қарсы міндеттемелер белгіленген жағдайда, онда қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейі әрбір қарсы міндеттеме бойынша жеке есептеледі және деңгейдің орташа мәні шығарылады.

      11. Егер алушыға қарсы міндеттемелерді орындау деңгейінің мәні 100 (жүз) пайыздан көп немесе оған тең болса, онда қарсы міндеттемелер орындалды деп есептеледі.

      12. Егер алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейінің мәні 100 (жүз) пайыздан аз болса, бұл қарсы міндеттемелердің орындалмағанын білдіреді.

      13. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде алған ақша, лизингтік қаржыландыруға алынған ақшаны қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алу кезінде қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып қайтарылуға жатады.

      Лизингтік қаржыландыру кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде өздері алған лизинг нысаналарын қаржы лизингі шарттарының талаптарына сәйкес лизинг беруші мерзімінен бұрын талап етуі мүмкін.

      14. Алушы қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісі алушыға тараптар жасасқан келісім шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша берілген ақшалай қаражатты қайтаруды талап ету туралы хабарлама жібереді.

      Алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ақшалай қаражатты өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектісінің есеп шотына аударады.

      15. Мемлекеттік ынталандыруға берілген ақша қаражаты уақтылы қайтарылмаған кезде ақша қаражатын қайтару Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейін, ақшалай қаражатты қайтару көлемін есептеу және ақшалай қаражатты қайтару рәсімі өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйенің субъектілері ұсынылатын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасы шеңберінде тараптар арасындағы келісімде айқындалған қарсы міндеттемелердің мониторингі мерзімдеріне қарай дербес жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады