"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 27 тамыздағы № 75 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29450 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.".

      2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Председатель Национального
Банка Казахстана
Г. Пирматов
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі

  Қазақстан Ұлттық Банкінің
Төрғасы
2022 жылғы 27 тамыздағы
№ 75 Қаулыға қосымша
Қаулымен бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабының 3-2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес әзірленген және төлем ұйымдарына (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар:

      1) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      клиенттің – заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      2) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы.

      3. Ұйым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) немесе өзге де қылмыстық әрекет (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару) тәуекелдеріне, сондай-ақ ұйымның қасақана немесе қасақана емес араласуымен байланысты тәуекелдеріне (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдері) мониторинг жүргізу, анықтау шараларын қабылдауға жеткілікті деңгейде қолдау;

      3) ұйымды және қызметкерлерді КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның басқару органының немесе атқарушы органының ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит, КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалау жүргізуге уәкілетті өзге органының тәуелсіз аудит жүргізуге шешімі болған жағдайда, ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы тәуелсіз аудит жүргізуге қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді және қабылдайды.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды, ұйым оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      Төлем агенттерін (субагенттерді) пайдаланатын ұйымдар, оларды КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген өздерінің бағдарламаларына енгізуді және олардың осы бағдарламалардың орындалуын бақылауы қажет.

      Ұйым Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ішкі бақылау қағидаларын Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіреді.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес ұйымның өзге де басшыларының қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы талапты қоса алғанда, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты ұйым қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуын ішкі бақылауды ұйымдастыру

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымның басшы қызметкерлерінің немесе ұйымның өзге де басшыларының қатарынан тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес, ұйымда ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. Жауапты қызметкерге, ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қызметкерлерге не КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшенің қызметкерлеріне қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) қаржы және (немесе) төлем ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы (техникалық немесе көмекші қызметкер қызметтеріндегі жұмыс тәжірибесін қоспағанда);

      3) мінсіз іскерлік беделінің болуы.

      7. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасында:

      1) КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшенің функцияларын, оның ішінде КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және персоналымен, филиалдармен өзара іс-қимыл рәсімін, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл рәсімін сипаттау;

      2) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтер беруді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

      3) сотта дәлел ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар уәкілетті органға, сондай-ақ өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қолжетімді болатындай үшін мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      4) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің өздеріне мәлім болған КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ұйым қызметкерлері жол берген ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы уәкілетті органдарға мен ұйымның лауазымды адамдарына хабарлау рәсімі;

      5) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ жөніндегі талаптардың (бар болса) сипаттамасы;

      6) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттық тіркеу және жаңарту рәсімі;

      7) бақылау шараларын әзірлеу рәсімі, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару мен азайту бойынша рәсімдер;

      8) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін сыныптау рәсімі;

      9) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау тәуекел дәрежесін ескере отырып, өз клиенттерін сыныптау (төмен, жоғары);

      10) ұйым бағдарламаға енгізген КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі қосымша шаралар (бар болса) қамтылады.

      8. Ұйымның КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функцияларына мыналар кіреді:

      1) әзірленген және ұйымның атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ ұйымда олардың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуына бақылау жасау;

      3) клиенттерге және өзге тұлғаларға хабарламай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не ұйымның уәкілетті органымен немесе лауазымды адамымен келісу;

      6) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін ұйымның атқарушы органына сұратулар жіберу;

      7) ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды адамдарын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымның уәкілетті органдарының есептерді қалыптастыруы үшін КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдері басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу;

      9) ұйым КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын орындау мақсатында айқындаған КЖ/ТҚҚ бөлімшесінің жауапты қызметкері мен қызметкерлерінің қосымша функциялары (бар болса) кіреді.

      9. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне мынадай өкілеттіктер:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын барлық құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету;

      4) ұйым жүктеген жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің қосымша өкілеттіктері (бар болса) беріледі.

      10. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

      12. Ұйым КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

      1) оларға енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) қоса алғанда, клиенттердің досьелерін (сауалнамаларын) жүргізу мүмкіндігі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабына сәйкес қаржылық мониторингке жататын және КЖ/ТҚҚ туралы заңда белгіленген шекті сомаға (бұдан әрі – шекті операция) тең немесе одан асатын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен шекті операцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ заңнамасының талаптарын, сондай-ақ ұйымның көрсетілетін қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін ескере отырып, алдын ала белгіленген өлшемшарттар бойынша күдікті операцияларды анықтау;

      3) клиенттердің досьелері (сауалнамалары), жүргізілген операциялар, қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберілген хабарламалар бойынша дерекқордан ақпаратты алып тастау мүмкіндігінің болмауы;

      4) ақпараттың резервтік көшірмесін жасау және сақтау жүйесінің болуы;

      5) әрбір пайдаланушы жұмысының түрлендіруден қорғалған хаттамасын жүргізу.

3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      13. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелері бөлігінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиент түрі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), сондай-ақ ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылау көзделетін клиенттердің тәуекелдерін және ұйым өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін тұрақты мониторингтеу, талдау және бақылау тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін беру тәртібі, қайта қарау мерзімдері мен негіздері;

      5) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мақсатында ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау мәселесі бойынша тәуелсіз аудит жүргізуге ұйымның шешімі болған жағдайда тәуелсіз аудитпен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      6) тәуекелдер санаттары мен факторларын ескере отырып, клиенттерді сыныптау бойынша шаралар қабылдау тәртібі, сондай-ақ ұйым белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттары;

      7) жаңа, сол сияқты бұрыннан бар өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды берудің, сондай-ақ пайдаланудың жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер мен жаңа іскерлік тәжірибені әзірлеуге (іске қосуға) дейін туындайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін анықтау және бағалау тәртібі қамтылады, бірақ олармен шектелмейді.

      14. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау есебін және кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, көрсетілетін қызметтің (өнімнің) және (немесе) оны беру тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйымның көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайынғы негізде бағалауды (бұдан әрі – Жыл сайынғы бағалау) жүзеге асырады.

      Ұйымның көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, көрсетілетін қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, көрсететін қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      Жыл сайынғы бағалау қорытындылары (нәтижелері) төлем ұйымының ішкі құжаттарына және рәсімдеріне сәйкес құжатталады, сондай-ақ бұл туралы қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға және уәкілетті органға күнтізбелік жылдан кейінгі бірінші тоқсаннан кешіктірілмей хабардар етіледі.

      15. Мәртебесінде және (немесе) қызметінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелі бар клиенттердің типтеріне мыналар:

      1) шетелдіктер;

      2) жария лауазымды адамдар, олардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары және өкілдері;

      3) шетелдік қаржы ұйымдары;

      4) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналысымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде онлайн-казино қызметін көрсететін не осы қызметтен кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтер, сондай-ақ қолма-қол ақшаның қарқынды айналысымен байланысты өзге қызметтер көрсететін тұлғалар;

      5) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері;

      6) қызметін сақтандыру агенттері ретінде жүзеге асыратын тұлғалар;

      7) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      8) қорлар, діни бірлестіктер ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      9) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері кіреді;

      10) мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын ұйым айқындаған клиенттердің қосымша түрлері (бар болса) кіреді.

      16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызметтерді (өнімдерді) көрсетумен және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.

      Мыналар жүргізілген операциялары КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер болып табылады:

      1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатумен күресудің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) оларға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) мынадай оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттер және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктері:

      Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);

      Андорра Князьдігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдары Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Князьдігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл Аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтік Республикасы;

      Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      Сейшел Аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга Корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралы аумақтары бөлігінде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка.

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      17. Ұйымның КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған көрсетілетін қызметтерінде (өнімдерінде, операцияларында), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінде мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтан қызмет көрсету;

      2) ақша жөнелтушінің банк шотын ашпай төлемді жүзеге асыру үшін бес жүз мың теңгеден асатын сомаға қолма-қол ақшамен төлемдер қабылдау қызметі;

      3) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша қызметтер;

      4) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу есе мөлшеріне тең сомадан асатын электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау мен өңдеу қызметі;

      5) клиент бастамашы болған электрондық нысандағы төлемдерді өңдеу және төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қажетті ақпарат беру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау қызметі.

      18. Ұйымның көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің қорытынды дәрежесіне ықпал ететін, мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен жасаған шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      19. Ұйым КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерін бағалау) бағдарламасын іске асыру шеңберінде Талаптардың 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттары мен факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттары мен факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингі жөніндегі рәсімдер шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша анықтайды және кемінде екі деңгейден тұратын тәуекел деңгейін айқындау шкаласы бойынша бағалайды (төмен, жоғары).

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      20. Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне қарай ұйым жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін стандартты, жеңілдетілген не күшейтілген сәйкестендіруді жүргізу арқылы клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген не күшейтілген шараларын қолдануды білдіреді.

      Клиенттің бенефициарлық меншік иесінің жеке басын тексеру үшін тиісті (орынды) шаралар қабылдау, оның ішінде клиенттің түпкі бенефициар меншік иесі туралы қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды клиенттен сұрату бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

      21. Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, сондай-ақ мына:

      1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселік мөлшерінен аспайтын сомада электрондық ақшаны өткізген, сондай-ақ сомасы екі жүз теңгеден аспайтын төлем карточкаларын таратуды қоспағанда, клиентпен іскерлік қатынастар орнатқан;

      2) клиент мына:

      қолма-қол ақшаны қабылдау үшін арналған жабдық (құрылғы) арқылы, оның ішінде күнтізбелік бір күнде бірнеше операцияны (мәмілені) жасау арқылы қолма-қол ақшаны жеке тұлғаның банктік шотына есепке алу үшін қабылдау кезінде бес жүз мың теңгеден асатын;

      электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау кезінде айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен асатын және (немесе) оған тең;

      банктік шотты пайдаланбай қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау кезінде бес жүз мың теңгеден асатын;

      банктік шотқа қолжеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырған кезде екі жүз мың теңгеден асатын сомаға біржолғы операция (мәміле) жасаған;

      3) клиент шекті операцияны (мәмілені) жасаған;

      4) клиенттің күдікті операциясы (мәмілесі) анықталған;

      5) жеке және заңды тұлғалар туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмән туғызатын негіздер болған жағдайларда, іскерлік қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын белгілейді.

      22. Уәкiлеттi органға, сондай-ақ өз құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдарға уақтылы қолжетімді болуы үшiн оларды сотта дәлелдемелер ретiнде пайдалану мүмкiндiгiн ескере отырып, Талаптардың 21-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді ұйым клиенттің досьесіне енгізеді (қосады), ол ұйымда клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі бойы және олар аяқталған не біржолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл сақталады.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар, оның ішінде қаржы мониторингі жасалуы тиіс операциялар, күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелерін ұйымдар операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтауға тиіс.

      23. Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 7-тармағының талаптарын ескере отырып жеңілдетілген сәйкестендіруді:

      1) екінші деңгейдегі банктермен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен, Қазақстан Республикасының резиденттері – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен іскерлік қарым-қатынастар орнату;

      2) клиентке КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің төмендетілген деңгейін беру кезінде жүргізеді.

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекеліне күдік болған кезде ұйым оңайлатылған сәйкестендіруді қолданбайды.

      24. Ұйым:

      1) клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалған кезде;

      2) күшетілген сәйкестендіру қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай операция туралы хабарламаның жіберілуі туралы оның абайсызда хабардар болуына апаратын жағдайларды қоспағанда, мониторинг жүргізу және клиенттің операцияларын зерделеу барысында күдікті операцияны (мәмілені) не оны жасау әрекетін анықтаған кезде;

      3) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағында белгіленген шекті мәннен асатын сома операцияларын жүргізу кезінде;

      4) клиент ұсынған мәліметтердің дәйектілігінде күмән болған кезде;

      5) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша күшейтілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      25. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес алынатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.

      Ұйымда шет мемлекетің азаматтығы болуы туралы мәліметтер болған шетелдіктерге, өзге тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға, оның зайыбына (жұбайына) және жақын туыстарына жататынын тексереді.

      26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайылығына тексеріледі.

      27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы:

      1) іскерлік қатынастар орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тартуды, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату рәсімі мен негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау рәсімін;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін, оның ішінде клиентті тиісінше тексерудің оңайлатылған және күшейтілген шараларын қолдану рәсімдерінің ерекшеліктерін;

      3) қызмет көрсетудегі немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалар арасында жария лауазымды тұлғаларды, олардың жұбайы-зайыптарын және жақын туыстарын анықтауға және осындай клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдауға (ұйымның лауазымды тұлғаларының жазбаша рұқсатымен) бағытталған шаралардың сипаттамасын;

      4) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде бар-жоғын тексеру рәсімі;

      5) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезіндегі сәйкестендіру ерекшеліктерін (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз);

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтерді ұйымға бақылау жасайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ бойынша талаптарды орындау шеңберінде алмасу ерекшеліктерін (болған жағдайда);

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат көздерінің сипаттамасын;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру рәсімін;

      9) клиент досьесінің нысанына, мазмұнына және жүргізу тәртібіне, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсете отырып, досьеде қамтылған мәліметтерді жаңартуға қойылатын талаптарды;

      10) сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа ұйым қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету рәсімін;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімін, осындай тәуекелді бағалау негіздерін;

      12) клиенттен сұратылатын құжаттар мен ақпараттың тізбесін қоса алғанда, ұйымның клиенттердің бенефициарлық меншік иесін анықтауға және сәйкестендіруге бағытталған шаралар (рәсімдер) тізбесін, ұйымның жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібін;

      13) ұйым бағдарламаға енгізген клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бойынша қосымша шараларды (бар болса) қамтиды.

      Егер ұйым шарт негізінде КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес өзге тұлғаға ұйымның клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, ұйым осындай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар:

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ ықтимал (әлеуетті) тәуекелдерін анықтау рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған ұйымның тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ осындай шарттар жасасуға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған ұйым мен тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиент-жеке тұлғаны, оның өкілін, пайда алушыны сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімін және мерзімдерін;

      ұйымға алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды ұйымның жүзеге асыру рәсімін;

      ұйымның сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін, олар сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде алынған мәліметтерді ұйымға беру рәсімін, мерзімдерін және толықтығын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ осындай шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның лауазымды адамдарының тізбесін;

      ұйым сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың ұйымға алынған мәліметтерді беру тәртібін, мерзімдерін және толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ережелерді;

      сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйымның өзара іс-қимыл рәсімін;

      ұйым өзара әрекет ету қағидаларына енгізген қосымша талаптарды (бар болса) қамтиды.

      Ұйымдар басқа қаржы мониторингінің субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымдары Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамаған және (немесе) жеткілікті түрде орындамаған мемлекетте (аумақта) тіркелген, келген немесе орналасқан жағдайда КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      28. Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасы

      29. Ұйым клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарларды анықтау және оларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      30. Ұйым клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасы шеңберінде клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттің операцияларын зерделеудің жиілігі, тереңдігі және қарқындылығы клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, клиент қызметінің мөлшері, маңыздылығы, сипаты, ауқымы және күрделілігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды қаржыландыру көзі және (немесе) клиент пайдаланатын қызметтердің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі, клиенттің қаржылық мониторингке жататын, сондай-ақ ұйымда бар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ сценарийлерін (схемаларын) және (немесе) әдеттегіден тыс және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып, операциялар (операция) жасауы (жасауға әрекет жасауы) туралы мәліметтерді талдау негізінде айқындалады.

      Ұйым клиенттердің операцияларына мониторинг жасау және зерделеу нәтижелерін ұйымның көрсетілетін қызметтерінің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің күрделі, әдеттегіден тыс ірі және басқа да әдеттегіден тыс операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиент операцияларына мониторинг жасау және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не біржолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл ұйымда сақталады.

      31. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметтерінің ұшырағыштық дәрежесін, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін ескере отырып белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне еңгізу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізу шамасына қарай (ТҚ тізбесін және ЖҚҚТҚ тізбесін жаңарту) жүзеге асырылады.

      32. Клиент операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалатын ерекше және күдікті операциялар тізбесін, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімін;

      3) Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтерді жаңарту және (немесе) қосымша мәліметтерді алу бойынша ұйымның қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуді;

      4) ұйым қызметкерлері арасында шекті, ерекше және күдікті операциялар, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялар туралы мәліметтерді анықтау және қызметкерлер арасында беру бойынша міндеттерді бөлуді;

      5) шекті, әдеттен тыс және күдікті операцияларды анықтау кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тетігін, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды сипаттауды;

      6) жауапты қызметкердің клиент операциясының біліктілігі туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздерін және мерзімін;

      7) клиенттің операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау бойынша қызметкерлердің өзара іс-қимыл рәсімін;

      8) ТҚ тізбесіндегі және ЖҚҚТҚ тізбесіндегі клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттердің ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операцияларға дереу тыйым салу бойынша ұйым бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл рәсімін;

      9) ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар (оның ішінде операция сомасы, операция валютасы) және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялар туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;

      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну рәсімін;

      11) шекті және күдікті операцияны анықтау туралы ұйымның уәкілетті органдары мен лауазымды тұлғаларын хабардар ету рәсімін (қажет болған жағдайда);

      12) клиент әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты қабылданатын шараларды қабылдау рәсімі мен сипаттамасын қамтиды;

      13) ұйым бағдарламаға енгізген клиенттің операцияларын бақылау және зерделеу бойынша қосымша шараларды (бар болса) қамтиды.

      33. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттен тыс немесе күдікті операциялар мен қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялар анықталған кезде, көрсетілген операцияны анықтаған ұйымның қызметкері осындай операция туралы жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде хабарлама жібереді.

      Бірнеше операциялар туралы ақпарат бір хабарламада немесе бірнеше хабарламада жіберіледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаларды, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған не біржолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кем дегенде бес жыл сақтайды.

      34. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес клиенттің барлық операциялары:

      КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;

      егер оларда күдікті операция белгілерінің сипаттамасы бар болса, зерделенуге жатады.

      Егер ұйымда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша клиенттің операциялары кірістерді жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіз болса, клиенттің операциялары күдікті деп танылады.

      Клиенттің операцияларын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді ұйым клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын, оның иелігіндегі ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ клиенттің қаржылық-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпарат негізінде дербес қабылдайды.

      Операция жасалған уақыт пен мұндай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырмашылық ұйымның ішкі бақылау қағидаларына сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспайды.

      Ұйым қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операция жасалғаны туралы хабарларды ұйымның өз платформасында қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылы арқылы электрондық тәсілмен ұйым тиісті шешімді қабылдаған (әрекетті жасаған) күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған, олар өткізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар туралы хабарлар ұйым операцияны күдікті деп танығаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

6-тарау. КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ саласында қаржылық мониторинг субъектілерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      35. Қызметкерлерді КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты ұйым қызметкерлерінің КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларын және субъектінің өзге де ішкі құжаттарын орындауына қажетті білім алуы мен дағдыларды қалыптастыруы болып табылады.

      36. Қызметкерлерді КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы мыналарды:

      1) оқыту тақырыптарын, оқыту жүргізу әдістерін, мерзімдерін және оқытуды өткізуге жауапты бөлімшені (тұлғаны) қамтитын қызметкерлерді оқыту тәртібін;

      2) қызметкерлері оқытылатын ұйым бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімін;

      3) оқыту нәтижелерін сақтау тәртібі мен нысандарын;

      4) КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру тәртібі мен нысандарын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      37. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес Оқыту бағдарламасы қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган бекітетін субъектілер қызметкерлерін даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.

  Қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға), терроризмді
қаржыландыруға және
жаппай қырып-жою қаруын
таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл жасау
мақсатында төлем ұйымдары
үшін ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
1-қосымша

Жеке тұлға - клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер Сәйкестендіру түрі
Стандартты Жеңілдетілген Күшейтілген

1. Жеке тұлға туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жұмыс орны, лауазымы


Электрондық поштасы (бар болса)


2. Жеке тұлға - дара кәсіпкер туралы қосымша мәліметтер

Жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі, берілген күні


Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓


✓✓

Кәсіпкерлік қызметінің түрі


Лицензияның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)


✓✓

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жерінің мекенжайы (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)


✓✓

3. Шетелдік жеке тұлға туралы қосымша мәліметтер

Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін)

✓✓

✓✓

✓✓

Шетелдік жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға (олардың жұбайларына, жақын туыстарына, сондай-ақ өкілдеріне) тиесілігі

4. Жеке тұлғаның өкілі туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жеке тұлғаның атынан заңдық мәні бар іс-әрекеттер (оның ішінде шот ашу, шотты басқару) жасауға құжаттың (сенімхаттың, шарттың, қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің, өзге де құжаттың) нөмірі, берілген (қол қойылған) күні, қолданылу мерзімі (бар болса) не заң бойынша өкілдікті жүзеге асыру туралы белгі

✓✓


✓✓

Клиент өкіліне берілген сенімхатқа клиенттің қолын куәландыратын нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензияның нөмірі және берілген күні не құжатты берген органның атауы


Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

5. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Мүддесі үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), не іскерлік қарым-қатынастар орнатқан (операциялар жасайтын) жеке тұлға өз атынан өзінің мүддесі үшін әрекет ететіні туралы белгі


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (бар болса)


Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің шетелдік жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға (отбасы мүшелеріне) тиесілігі


6. Операцияларды бақылау нәтижелері және қызмет туралы ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Жеке тұлғаның ұйымда пайдаланатын қызметтері (жасалған шарттар)


Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің шынайылығын тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Клиент туралы мәліметтерді алу (жаңарту) күні

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін олардың негізінде азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін жеке басын куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариалды куәландырылған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, рұқсат етілген дереккөздермен (дерекқормен) салыстыру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру бойынша дәйектілігін тексеру шеңберінде, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған суретті көзбен салыстыру жүргізіледі.

      Шартты белгілер:

      ✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың шынайылығын тексеру қажеттілігі.

  Қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға), терроризмді
қаржыландыруға және
жаппай қырып-жою қаруын
таратуды қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл жасау
мақсатында төлем ұйымдары
үшін ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
2-қосымша

Заңды тұлға клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер Сәйкестендіру түрі
Стандартты Жеңілдетілген Күшейтілген

1. Заңды тұлға туралы жалпы мәліметтер

Ұйымдық-құқықтық нысанды қоса алғанда, толық және бар болса қысқарған атауы

✓✓

✓✓

✓✓

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓ ✓

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжат түрі, оның берілген күні, нөмірі (бар болса)

Тіркеуші органның атауы, тіркеу (қайта тіркеу) күні мен орны

Жүзеге асыратын қызмет түрі (түрлері) және экономикалық қызметтің түрлерін жалпы жіктегіш (ЭҚЖК) коды (бар болса)

Лицензиялардың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)

✓✓

✓✓

Лицензияны берген органның атауы

Тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елдімекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

Атқарушы органның нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елдімекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

✓✓

Байланыс телефон нөмірі

✓✓

Электрондық поштасы (бар болса)

✓✓

2. Шетелдік заңды тұлға туралы қосымша мәліметтер

Тіркелген мемлекеттегі уәкілетті орган берген тіркеу нөмірі (коды)

✓✓

3. Меншік және басқару құрылымы туралы мәліметтер

Құрылтай құжаттарына сәйкес органдардың құрылымы мен атауы (жоғары орган, атқарушы орган, өзге органдар)

✓✓

✓✓

Заңды тұлға органдарының құрылымы белгіленген құрылтай құжаттарының соңғы редакциясының күні

✓✓

✓✓

3.1. Жоғары органның дербес құрамы туралы мәліметтер

Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) және (немесе) заңды тұлғалардың толық атауы


Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың азаматтығы (бар болса) және (немесе) заңды тұлғаларды тіркеген мемлекет


Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (бар болса) не жеке басын куәландыратын құжаттарының нөмірлері, сериялары (бар болса), берілген күндері және қолданылу мерзімдері

✓✓


✓✓

Жоғары органның құрамына кіретін заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (бар болса) не тіркелген мемлекеттегі уәкілетті орган берген тіркеу нөмірлері (кодтары)

✓✓


✓✓

Құрылтай құжаттарының соңғы редакциясының күні не акционерлер (қатысушылар) тізілімінен алынатын үзінді көшірменің не жоғары органның құрамы белгіленген өзге құжаттың күні

✓✓


✓✓

3.2. Атқарушы органның дербес құрамы туралы мәліметтер

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

✓✓

✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің туған күні және туылған жері

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің азаматтығы (бар болса)

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (бар болса)


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы және (немесе) келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің байланыс телефонының нөмірі


Соның негізінде тұлға жеке дара атқарушы органның не алқалық атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің функциясын жүзеге асыратын құжаттың (бұйрықтың, жалпы жиналыс хаттамасының, директорлар кеңесі хаттамасының, жалғыз акционер (құрылтайшы) шешімінің немесе басқа осыған ұқсас құжаттың) нөмірі мен күні


✓✓

3.3 Өзге басқару органдарының дербес құрамы туралы мәліметтер (бар болса)

Басқару органы басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің туған күні және туылған жері


Басқару органы басшысының және мүшелерінің азаматтығы (бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)



Басқару органы басшысының және (немесе) мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі



Соның негізінде тұлға басқару органы басшысының немесе мүшесінің функциясын жүзеге асыратын құжаттың (жалпы жиналыс хаттамасының, жалғыз акционер (құрылтайшы) шешімінің немесе басқа осыған ұқсас құжаттың) нөмірі мен күні



4. Заңды тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

Заңды тұлға өкілінің (заңды тұлға филиалының басшысын (өкілдігін) қоса алғанда) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі

✓✓

Өкілге заңды тұлғаның атынан заңдық тұрғыдан маңызы бар іс-әрекеттерді (шот ашу, шотты басқару) жасауға құқық берген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың) нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (бар болса

✓✓

✓✓

Өкілге заңды тұлғаның атынан заңдық тұрғыдан маңызы бар іс-әрекеттерді (шот ашу, шотты басқару) жасауға құқық берген құжатқа (бұйрыққа, сенімхатқа) қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Визаның нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттің азаматтарын қоспағанда) (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

5. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғанды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан көбі тікелей немесе жанама тиесілі жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


✓✓

Заңды тұлғаны өзге де негіздер бойынша бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


Мүддесі үшін заңды тұлғамен іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


Бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты және бар болса - әкесінің аты


Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (бар болса)


✓✓

Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің шетелдік жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға (отбасы мүшелеріне) тиесілігі


6. Заңды тұлғаның филиалы (өкілі) туралы қосымша мәліметтер

Филиалдың (өкілдіктің) атауы

✓✓

✓✓

✓✓

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжат түрі, оның берілген күні, нөмірі (бар болса)

Тіркеуші органның атауы, тіркеу (қайта тіркеу) күні мен орны

Жүзеге асыратын қызмет түрі (түрлері) және экономикалық қызметтің түрлерін жалпы жіктегіш (ЭҚЖК) коды (бар болса)

Лицензиялардың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес филиалдың (өкілдің) тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі

✓✓

Электрондық поштасы (бар болса)

✓✓

7. Операциялар мониторингінің нәтижелері және қызметтік ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Заңды тұлғаның ұйымда пайдаланатын қызметтері (жасалған шарттары)


Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің шынайылығын тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Мәліметтерді алу (жаңарту) күні

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін олардың негізінде азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін жеке басын куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариалды куәландырылған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, рұқсат етілген дерек көздермен (дерекқормен) салыстыру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру бойынша дәйектілігін тексеру шеңберінде, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған суретті көзбен салыстыру жүргізіледі.

      3. Тіркеуге жататын мәліметтер және лицензияның болуы, сондай-ақ халықаралық ұйымға қатысты белгіленеді, егер осындай халықаралық ұйымның мекемесі туралы және (немесе) оның мемлекет (мемлекеттер) аумағында болатын жері талаптары туралы шарттармен тиісінше тіркеусіз және (немесе) лицензиясыз олардың қызметін жүзеге асыру көзделмесе.

      Шартты белгілер:

      ✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓- тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың шынайылығын тексеру қажеттілігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады