Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 525 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29831 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН: 

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:

      5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15852 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында:

      83-тармақтың 22) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "22) арнайы қызметтер персоналы (экипаж құрамына кірмейтін), мүгедек адамдар, әдетте бортқа жіберілмейтін адамдар, депортацияланатын адамдар және айдауылдағы адамдар сияқты жолаушылардың арнайы санаттары туралы хабарламалар;".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 525 Бұйрығына
қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
5-қосымша

Кабиналық экипаж нұсқаулығының үлгі мазмұны

      1. Кабиналық экипаждың міндеттері

      2. Нұсқаулық құрылымы және оны құрастыру

      3. Экипажбен орындалатын рәсімдер

      4. Ұшу экипажы кабинасына кіру

      5. Ұшу экипажы кабинасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімі

      6. Ұшу экипажы кабинасындағы зарарсыздануды қамтамасыз ету рәсімі

      7. Экипажбен байланыс

      8. Экипаж іс-қимылдарын үйлестіру

      9. Кабиналық экипаж

      10. Жолаушыларға арналған ақпарат

      11. Су бетінде орындалатын үлкен арттырылған қашықтықта ұшу кезіндегі нұсқаулық (қолданылатын болса)

      12. Оттегі жүйесін пайдалану (қолданылатын болса)

      13. Қауіпсіздіктің жарық таблолары

      14. Мүгедектігі бар жолаушыларға, сәбилер мен балалар

      15. Жолаушылар туралы ережелер

      16. Қауіпсіздік рәсімдері

      17. Есіктер

      18. Дәрі-дәрмектер

      19. Электрондық құрылғылар

      20. Қауіпті жүктер

      21. Жарықтандыру

      22. Турбуленттік

      23. Өмір сүру

      24. Ұшақты басып алу

      25. Қару-жарақ

      26. Ауыру/зақымдану

      27. Оттегі: қолданылуы және көрсеткіші (бортта оттегі болған жағдайда)

      28. Өртке қарсы шаралар мен бақылау

      29. Эвакуация рәсімдері

      30. ӘК сипаттамасы

      31. ӘК авариялық құтқару жабдықтары

      32. Еден деңгейіндегі шығулар

      33. Эвакуациялау трапы

      34. Терезе арқылы авариялық шығар жол

      35. Кіріктірме трап (фюзеляж астындағы трап)

      36. Ұшақ құйрығындағы орай ағызғыштың трапы

      37. Ұшу экипажы кабинасындағы авариялық шығар есік

      38. Салоннан басқа да эвакуация жолдары

      39. Басқа шығу жолдары

      40. Есік ойығының сақтық ленталары

      41. Жарамсыз есік жағдайындағы рәсімдер

      42. Кабиналық экипаждың жұмыс орны

      43. Электр жабдықтары

      44. Авариялық жарықтандыру

      45. Дыбысты және ішкі байланыс жүйесі

      46. Эвакуация сигналдары

      47. Оттегі жүйелері (жүйенің бортта бар болу жағдайында)

      48. Тасымалды оттегі жабдықтары

      49. Асүйлік жабдықтарды белгілеу жүйесі

      50. Багажды шектеу бекітпелері

      51. Түтіндік өрт хабарлағыш (түтін детекторы)

      52. Қоқысқа арналған контейнерлер есігі

      53. Үстіңгі/астыңғы палуба

      54. Жедел сатылар

      55. Жүзу құралдары ретінде кресло жастықтары

      56. Құтқару жилеттері

      57. Құтқарушы салдар мен үрлемелі траптар

      58. Жұмысқа жарамсыз жабдықтар

      59. Өрт сөндіргіш/Қорғаныш тыныс алу жабдығы

      60. Түтінге қарсы құрылғылар (экрандар)

      61. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы/Медициналық жинақ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады