Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29862 болып тіркелді.

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 295 бұйрығымен
бекітілген

Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) геоним – көшелер, алаңдар, желілер, аллеялар, бульварлар, жолдар, жағалаулар, тұйық көшелер, даңғылдар, өтпе жолдар үшін жалпылама ұғым;

      2) географиялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ГАЖ) – Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      3) елді мекен – халқының саны 50 адамнан кем емес, азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын Қазақстан Республикасының жинақы қоныстанған аумағының бір бөлігі;

      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) жер учаскесі – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жердің бір бөлігі;

      5-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе.

      6) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.03.2023 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін есептік кварталды таңдау мынадай өлшемшарттарды ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) елді мекеннің есептік кварталындағы жер учаскелерінің саны - 999 жер учаскесі;

      2) егер елді мекеннің есептік кварталындағы жер учаскелерінің саны 999 аз жер учаскесін құраса, онда жұмыстар жүргізу үшін есептік кварталды таңдау осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарды сақтай отырып, бірнеше есептік кварталдар бойынша жүзеге асырылады;

      3) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары өзгерген жағдайда, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарды сақтай отырып, жаңадан құрылған есептік квартал немесе шекаралары өзгеріске ұшыраған есептік квартал таңдалуы тиіс.

      4. Жер-кадастрлық карталар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10147 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидаларының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының (бұдан әрі – Кадастр) картографиялық негізі болып табылады.

      Кадастрды автоматтандырылған түрде жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық жүйелерді (бұдан әрі – ГАЖ) қолдана отырып және қағаз тасығыштарда көшірмелер дайындай отырып, электрондық жер-кадастрлық карта түрінде қалыптастырылады.

      5. Электрондық жер-кадастрлық карталарда мынадай шекаралар көрсетіледі:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімшілік шекаралары;

      2) аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімшілік шекаралары;

      3) ауылдық округтердің шекаралары;

      4) елді мекендердің шекаралары;

      5) елді мекеннің құрамдас бөліктерінің (шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер) шекаралары;

      6) есептік кварталдардың шекаралары;

      7) жер учаскелерінің шекаралары.

      Ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық елді мекендердің шекараларын қоспағанда, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, аудандық және облыстық маңызы бар қалан шекараларының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №188 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10672 болып тіркелген) бекітілген Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесіне сәйкес кадастрлық коды болады.

      6. Электрондық жер-кадастрлық карталар ЖМБМК АЖ және ГАЖ арқылы құрылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Электрондық жер-кадастрлық карталар кадастрлық және мекенжайлық деректер жиынтығынан тұрады.

      Кадастрлық деректер жинағы мынадай қабаттарды қамтиды:

      1) "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекаралары";

      2) "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары";

      3) "Есептік кварталдың шекаралары";

      4) "Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары";

      5) "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары".

      Мекенжайлық деректер жинағы мынадай қабаттарды қамтиды:

      1) "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың әкімшілік шекаралары";

      2) "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары";

      3) "Ауылдық округ шекаралары";

      4) "Елді мекен шекаралары";

      5) "Елді мекеннің құрамдас бөліктерінің мекенжай алабы шекаралары";

      6) "Геонимдер";

      7) "Жылжымайтын мүлік объектілерінің шекаралары";

      8. Электрондық жер-кадастрлық карталар бұған қосымшанкөшелер, даңғылдар, тұйық көшелер, жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлері туралы ақпаратты қамтидый

2-тарау. Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібі

      9. Электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабы 3-тармағына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу арқылы жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жүзеге асырылады.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының электрондық жер-кадастрлық карталарын жасау кезінде жоспар-график жасалады, онда әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік кварталдарының қолданыстағы электрондық жер-кадастрлық карталары және жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктер көрсетіледі.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары өзгерген кезде жаңадан құрылған есептік кварталға немесе шекаралары өзгертілген есептік кварталға жаңа электрондық жер-кадастрлық карта жасалады.

      Электрондық жер-кадастрлық карталарды жаңарту кезеңділігі:

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заң) 3-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген елді мекендерде – 4-6 жыл;

      Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңның 3-бабы 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген елді мекендерде – 7-10 жыл.

      10. Электрондық жер-кадастрлық карталар жасау рәсімі мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады:

      1) дайындық жұмыстары (камералдық және далалық);

      2) электрондық жер-кадастрлық карталар жасау;

      3) электрондық жер-кадастрлық карталарды ресімдеу.

1-параграф. Дайындық жұмыстары (камералық және далалық)

      11. Дайындық жұмыстары кезеңінде есептік кварталды таңдау, жоспарлық-картографиялық материалдарды іріктеу, бастапқы картографиялық материалды сканерлеу және бастапқы картографиялық материалдың сканерленген бейнесін координаттар жүйесінде байланыстыру, Кадастр мен жоспарлық-картографиялық материалдардағы жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау және зерделеу атқарылатын камералық жұмыстар жүзеге асырылады.

      12. Электрондық жер-кадастрлық карталар жасау барысында жер учаскелері, есептік кварталдар, елді мекендер (ауылдық округтер, аудандар, облыстар) шекараларының қабаттасуын болдырмау мақсатында электрондық жер-кадастрлық картаның графикалық деректеріне топологиялық қателіктердің бар-жоғыопологиялық талдау жүргізіледі.

      Электрондық жер-кадастрлық картаның графикалық деректерінде топологиялық қателіктер табылған жағдайда, таңдалған есептік кварталда қабаттасатын жер учаскелерінің шекараларын нақтылау бойынша далалық жұмыстар жүргізіледі.

      13. 1:500, 1:1000 және 1:2000 масштабтағы картографиялық материалды пайдалана отырып, электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау кезінде топологиялық қателер анықталған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекараларын олардың нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.

      Далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелерінің шекараларын үйлестіру жүргізіледі және топологиялық қателерді көрсете отырып, тиісті деректер электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жерге орналастыру жобасының негізінде ЖМБКБ АЖ дерекқорына енгізілген жер учаскелері шекараларының орналасқан жері жер учаскесінің координаттарына сәйкес келмеген кезде, жер учаскесінің орналасқан жеріндегі топологиялық қатені түзету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларына сәйкес қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлеу жолымен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес топологиялық қателерді жою мүмкін болмаған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды (жанжалды) шешу Кодекстің 167-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес топологиялық қателерді жою мүмкін болмаған кезде жер учаскелері шекараларының орналасқан жерінің жер учаскесінің координаттарына сәйкес келмеуі туралы тиісті деректер электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жер учаскесі шекараларының координаттары жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында болмаған кезде, таңдалған есепке алу орамына арналған қолда бар жоспарларға талдау жүргізіледі және жер учаскелерінің тарихи мәліметтері бойынша шекараларының тиісті координаттары жоқ жер учаскелерінің тізбесі белгіленеді.

      Таңдалған есепке алу орамында шекараларының координаттары жоқ, жер-кадастрлық істерде және ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорында бұрылыс нүктелерінің координаттары жоқ жер учаскелері болған жағдайда, жер учаскелерінің шекараларын нақты орналасқан жеріне сәйкес үйлестіру үшін далалық жұмыстар жүргізіледі.

      Далалық жұмыстардың нәтижелері бойынша жер учаскелерінің шекаралары мен атрибутивтік деректер ЖМБМК АЖ графикалық дерекқорына жүктелетін электрондық жер-кадастрлық картаның "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатына енгізіледі.

      Таңдалған есепке алу орамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген және мемлекеттік жер кадастрында мәліметтері қамтылмаған жер учаскелері болған немесе шекаралары жер-кадастрлық істер материалдарымен сәйкес келмеген кезде, материалдар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын тиісті аумақтық бөлімшесіне тиісті іс-шаралар жүргізуі үшін жолданады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Электрондық жер-кадастрлық карталар жасау

      16. Кадастрлық деректер жинағы ГАЖ "KND_аудан коды_аудан (қаланың) коды" деген атаумен дербес дерекқор құру жолымен қалыптастырылады, кейіннен онда осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес кадастрлық деректер жинағының қабаттар құрылымы бойынша мынадай қабаттар жасалады:

      1) "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың шекаралары" қабатын жасау:

      жер пайдаланудың айналма шекаралары нүктелерінің координаттары қағаз жеткізгіштерден (жер пайдаланудың айналма шекаралары нүктелерінің координаттары ведомосі) енгізіледі және "Data Base File" (бұдан әрі – DBF) кеңейтілімді файлдар форматында сақталады;

      DBF-ті нүктелік тақырыпқа түрлендіру ГАЖ-дың "XY қосу" деген орнатылған құралдарының көмегімен жүргізіледі, оның нәтижесінде нүктелік қабат жасалады;

      ГАЖ қосымшасы жобасына геодерекқордан "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың шекаралары" бос полигоналды қабатын жүктеу жүргізіледі.

      Жасалған нүктелік тақырып бойынша полигондар түрінде есептік кварталдардың кеңістіктік деректерін жасау "Жер учаскелерінің шекаралары" қабатын жасағандай етіп жүргізіледі.

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың шекаралары" қабатын құру кезінде "Облыс атауы", "Облыстың кадастрлық коды", "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы (бұдан әрі – ӘАОС) коды", "Координатталған" жолдары толтыру үшін міндетті атрибуттар болып табылады. "Облыс атауы" жолы облыстың атауын, ал "Облыстың кадастрлық коды" жолы оның кадастрлық кодын білдіреді. "ӘАОС коды" жолына ӘАОС коды, "Координатталған" жолына объект шекараларын координаттау мәртебесі енгізіледі ("0" мәні "камералы, шартты түрде айқындалған" объект мәртебесіне, "1" мәні "белгіленген шекаралар бойынша" объект мәртебесіне сәйкес келеді).

      Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат болған жағдайда, "Шекараларды бекіту туралы ақпарат", "Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі", "Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні" жолдарына шекаралардың бекітілгендігі туралы деректер, "Қосымша ақпарат" жолына қосымша, егжей-тегжейлі ақпарат енгізіледі. "Жүктеу күні (қызметтік)", "Жүктеу туралы ақпарат (қызметтік)" қызметтік жолдарын ГАЖ автоматты түрде толтырады.

      Кадастрлық және әкімшілік деректер жинақтары қабаттарының атрибуттық кестелерінің "Есептегіш", "Сәйкестендіру нөмірі", "Объект танабы", "Периметр" (объект периметрі), "Алаң" (объект алаңы) жолдарын толтыруды ГАЖ автоматты түрде жүзеге асырады;

      2) "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары" қабаты "Есептік квартал шекаралары" қабатының прототипі бойынша жасалады (қолданыстағы "Есептік квартал шекаралары" қабатын көшіру және оны "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары" деп қайта атау жолымен). ГАЖ-дың орнатылған құралы көмегімен қабаттағы барлық объектілер бір полигонға біріктіріледі, нәтижесінде "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары" қабаты жасалады.

      "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары" қабатын жасау кезінде "Аудан атауы", "Ауданның кадастрлық коды", "ӘАОС коды", "Координатталған" жолдары толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады;

      3) "Есептік кварталдардың шекаралары" қабатын жасау "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың шекаралары" қабатын жасау кезіндегі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үш кезеңнен тұрады.

      "Есептік кварталдардың шекаралары" қабатын жасау кезінде "Атауы" және "Кварталдың кадастрлық коды" жолдары толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады. "Атауы" жолы ауылдық округ пен елді мекендердің атауын білдіреді. "Кварталдың кадастрлық коды" жолына есептік кварталдың коды енгізіледі. "ӘАОС коды" деген жолға ӘАОС коды (бар болса) енгізіледі;

      4) "Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабатын құру кезінде геодеректер базасын кадастрлық нөмірлері бар жер учаскелерінің шекараларымен толтыру ЖМБМК АЖ кадастрлық картасы арқылы жүзеге асырылады.

      Жер учаскесінің полигоны жасалғаннан кейін "Ресімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабатының атрибуттық кестесінде жаңа жол пайда болады, онда "Кадастрлық нөмір" жолында кадастрлық нөмір түрінде ақпарат енгізіледі. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша деректер, жер учаскесінің нақты мекенжайы "Көше атауы" (көше атауы), "Жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" (үй нөмірі), "1-көше атауы" (қиылысатын көшенің атауы), "1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" (қиылысатын көшедегі үйдің нөмірі) жолдарында толтырылады ("1-көше атауы", "1-жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі" жолдары көшелердің қиылысындағы жер учаскелерін айқындау үшін қажет).

      "Үйлестірілген" жолда жер учаскесін үйлестіру туралы ақпарат (жер учаскелері бойынша геодеректер дайын жер-кадастрлық карталардан енгізіледі, заттай белгіленбеген, тиісінше жер учаскесі үйлестірілмеген болса, "0" мәні енгізіледі, егер жер учаскесі заттай белгіленіп, үйлестірілген болса, "1" мәні енгізіледі) қамтылады;

      5) құқық белгілейтін құжаттары болмауы себепті ЖМБМК АЖ-ға енгізілмеген жер учаскелерінің шекаралары "Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары" қабатында жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша жасалады. Электрондық жер-кадастрлық карталарда мұндай учаскелер кадастрлық нөмірі көрсетілмей, шартты белгімен көрсетіледі, онда жоспарлық-картографиялық материалдар бойынша ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары цифрлануы тиіс. Учаскенің контурлары (қоршаулары) болмаған жағдайда, ресімделмеген жер учаскесі құрылысының шекаралары цифрлануы тиіс.

      Міндетті түрде толтырылатын "Қосымша ақпарат" деген жолда жер учаскесі бойынша егжей-тегжейлі ақпарат жазылады - учаске ресімделмеген не картада көрсетілген учаскенің шекаралары қоршау контуры бойынша нақты шекараларға сәйкес келмейді.

      "Атауы" деген жолда карталарды қағаз тасығыштарға басып шығару кезінде картада көрініс табуы мүмкін жер пайдаланушының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі/атауы (ресімделмеген жер учаскелері бойынша (бар болса)) енгізіледі.

      "Нысаналы мақсатының атауы" жер учаскесінің нысаналы мақсаты енгізіледі.

      "Көше коды" деген жолда елді мекен көшелерінің атауы туралы кодталған ақпарат қамтылады.

      "Жасалған күні" деген жолда осы жер учаскесінің жасалған күні туралы ақпарат қамтылады.

      "Жойылған күні" деген жолда геодерекқордан жер учаскесінің жойылған күні туралы ақпарат қамтылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мекенжайлық деректер жинағы ГАЖ-да "AND_өңір коды_аудан (қаланың) коды" деген атаумен дербес дерекқор құру жолымен құрылады, кейіннен онда осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес мекенжайлық деректер жинағы қабаттарының құрылымы бойынша мынадай қабаттар жасалады:

      1) "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың әкімшілік шекаралары" қабаты "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың шекаралары" қабаты секілді жасалады;

      2) "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабаты "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың шекаралары" қабаты секілді жасалады.

      "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабатын жасау кезінде "Аудан атауы", "Ауданның кадастрлық коды", "ӘАОС коды" қабаттары толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады;

      3) ауылдық округ шекаралары есептік квартал шекараларымен сәйкес келген жағдайда, "Есептік кварталдар шекаралары" қабатының прототипі бойынша (қолданыстағы "Есептік кварталдар шекаралары" қабатын көшіру және оны "Ауылдық округ шекараларына" қайта атау жолымен), ауылдық округтердің шекараларын және нақты атауларын нақтылай отырып, "Ауылдық округтің шекаралары" қабаты жасалады.

      "Ауылдық округтің шекаралары" қабатын жасау кезінде "Ауылдық округтің атауы", "ӘАОС коды", "Шекаралардың белгіленген жылы" толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады;

      4) "Елді мекеннің шекаралары" қабаты электрондық жер-кадастрлық картада елді мекендердің әкімшілік шекараларын айқындау мақсатында жасалады.

      "Елді мекеннің шекаралары" қабаты ГАЖ-да елді мекендердің шекараларын кадастрлық жоспарлардан немесе елді мекеннің нақты контурларына ие басқа жоспарлық-картографиялық негізден векторлау жолымен жасалады.

      "Елді мекеннің шекаралары" қабатын жасау кезінде "Атауы", "ӘАОС коды", "Шекаралардың белгіленген жылы" толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады;

      5) "Елді мекеннің құрамдас бөліктерінің шекаралары" қабаты "Елді мекеннің шекаралары" қабаты секілді жасалады және елді мекеннің құрамдас бөліктері жөніндегі мәліметтерді қамтиды.

      "Елді мекеннің құрамдас бөліктерінің шекаралары" қабатын жасау кезінде "Атауы" жолы толтыру үшін міндетті жол болып табылады. "ӘАОС коды" жолына ӘАОС коды (бар болса) енгізіледі;

      6) "Геонимдер" қабаты геонимдер туралы ақпаратты қамтиды және желілік қабат болып табылады. "Геонимдер" қабаты ГАЖ-да геонимдердің осьтік сызықтарын кадастрлық жоспарлардан немесе басқа жоспарлық-картографиялық негізден векторлау жолымен жасалады.

      "Геонимдер" қабатын жасау кезінде "Жаңа атауы" (геонимнің жаңа атауы) және "Ескі атауы" (геонимнің ескі атауы) жолдары (бар болса) толтыру үшін міндетті жолдар болып табылады;

      7) "Жылжымайтын мүлік объектілерінің шекаралары" қабаты зерттелетін жер учаскесін салу кезінде бағдар үшін жасалады. "Жылжымайтын мүлік объектілерінің шекаралары" қабаты масштабы 1:5000-нан 1:500-ге дейінгі топографиялық карталар немесе өзекті ғарыштық түсірілім негізінде (қолда бар негізге байланысты) ГАЖ-да растрларды векторлау арқылы жасалады.

      "Жылжымайтын мүлік объектілерінің шекаралары" қабатында жылжымайтын мүлік объектісінің және осы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің сипаттамалары, оның ішінде оның мекенжайы және жер-кадастрлық құжаттамадағы жер учаскесі туралы басқа да ақпарат көрсетіледі.

      Электрондық жер-кадастрлық картаның барлық қабаттары үшін топологиялық қағидалар мен деректердің топологиялық тұтастығын қолдауға арналған шарттар сақталады.

3-параграф. Электрондық жер-кадастрлық карталарды ресімдеу

      18. Электрондық жер-кадастрлық карталар дайын өнімді тапсыру үшін қағаз жеткізгіштерде басып шығарыла отырып, 1:2000 масштабында ресімделеді. Орамды А0 форматындағы бір баспа параққа орналастыру мүмкін болмаған кезде жер-кадастрлық карта бұрыштық мөртабандағы олардың санын көрсете отырып, парақтардың қажетті санына бөлінеді. Электрондық жер-кадастрлық карталарда объектілер масштабқа сәйкес дәлдікпен және олардың сипаттамаларының толықтығымен көрсетіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Электрондық жер-кадастрлық карталарда мыналар көрініс табады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары;

      2) есептік кварталдың кадастрлық коды көрсетілген есептік кварталдың шекаралары;

      3) есептік кварталдағы жер учаскелерінің шекаралары және олардың реттік нөмірлері;

      4) аралас есептік кварталдардың кодтары;

      5) геонимдердің атаулары;

      6) құрылыстардың (бар болса) нөмірлері;

      7) есептік кварталдар мен жер учаскелерінің орналасқан жерін айқындау үшін қажетті картографиялық объектілер;

      8) электрондық жер-кадастрлық картаның атауы;

      9) есептік кварталдардың нөмірлері (араб цифрларымен жазылады);

      10) жер учаскелерінің нөмірлері (араб цифрларымен жазылады);

      11) шартты белгілер;

      12) пайдаланылатын шартты белгілер;

      13) масштаб;

      14) негізгі жазу;

      15) "оңтүстік-солтүстік" бағыттамасын көрсету.

      Координаттар мен шартты белгілер ведомосін шығара отырып, есептік квартал шекараларының карта-жоспары қосымша жасалады.

      Электрондық жер-кадастрлық карталардағы және есептік кварталдың шекаралары жоспарындағы жазулар "Times New Roman" қарпімен ресімделеді.

      Электрондық жер-кадастрлық карталар осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес шартты белгілермен ресімделеді.

  Электрондық жер-кадастрлық
карталарды жасау жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша

Кадастрлық деректер жинағы қабаттарының құрылымы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекаралары" қабаты – "O_өңір коды_аудан (қала) коды"


Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Атауы

Облыс атауы

Мәтін

250

Таңба


Облыстың кадастрлық коды

Облыстың кадастрлық коды

Мәтін

2

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОС коды

Мәтін

9

Таңба


Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Шекараны бекіту туралы құжаттың нөмірі

Мәтін

50

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Күн

Авто

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгерілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Координатталған

Координатталған

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      2. "Ауданның және аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабаты – "аймақтың R_коды ауданның (қаланың) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттамасы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Атауы

Аудан атауы

Мәтін

250

Таңба


Аудан

Кадастрлық коды

Мәтін

5

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОС коды

Мәтін

9

Таңба


Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Мәтін

50

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Күн

Авто

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Үйлестірілген

Үйлестірілген

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      3. "Есеп кварталының шекаралары" қабаты – "аймақтың UK_коды ауданның (қаланың) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Атауы

Атауы

Мәтін

250

Таңба


Орам

Орамның кадастрлық коды

Мәтін

8

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОСкоды

Мәтін

9

Таңба

Болған жағдайда

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Мәтін

50

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Күн

Авто

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      4. "Рәсімделген жер учаскелерінің шекаралары" қабаты – "аймақтың U_коды ауданның (қаланың) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Кад_нөмір

Кадастрлық нөмірі

Мәтін

12

Таңба


Үйлестірілген

Үйлестірілген

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Көшелер атауы

Көшенің атауы

Мәтін

Авто

Таңба


Үйдің нөмірі

Жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

Авто

Таңба


1-көшенің атауы

1-көшенің атауы

Мәтін

250

Таңба


1-үйдің нөмірі

1-жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

10

Таңба


Көшелердің коды

Көше коды

Мәтін

250

Таңба


Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің орналасқан жері (мекен жайы)

Мәтін

10

Таңба


Нысаналы мақсатының атауы

Нысаналы мақсатының атауы

Мәтін

250

Таңба


Алаңы

Жер учаскесінің алаңы

Қосарлы

17

Құқық белгілейтін құжатқа сәйкес ауданы (шаршы метр)


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Енгізген пайдаланушы

Пайдаланушы логины

Мәтін

100

Таңба


Өшірілген күні

Өшірілген күні

Мәтін

Авто

Таңба


Жойған пайланушы

Жоюшының логины

Мәтін

100

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Мәтін

Авто

Таңба


Өзгерткен пайдаланушы

Өзгертушінің логины

Мәтін

100

Таңба


Нысанның ұзындығы

Периметр

Қосарлы

Авто

Таңба


Нысанның алаңы

Алаңы

Қосарлы

Авто

Таңба


      5. "Рәсімделмеген жер учаскесінің шекаралары" қабаты – "NU_өңір коды_аудан(қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Кадастрлық нөмірі

Кадастрлық нөмірі (бар болса)

Мәтін

12

Таңба


Жасалған күні

Жасалған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Көшелер атауы

Көшенің атауы

Мәтін

250

Таңба


Үйдің нөмірі

Жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

10

Таңба


1-көшенің атауы

1-көшенің атауы

Мәтін

250

Таңба


1-үйдің нөмірі

Жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

10

Таңба


Көшелердің коды

Көше коды

Мәтін

5

Таңба


Атауы

Атауы

Мәтін

250

Таңба


Нысаналы мақсатының атауы

Нысаналы мақсатының атауы

Мәтін

250

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


  Электрондық жер-кадастрлық
карталарды жасау жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша

Мекенжайлық деректер жинағындағы қабаттардың құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың әкімшілік шекаралары" қабаты – "Ao_өңір коды_аудан (қала) коды"


Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Аты

Облыс атауы

Мәтін

250

Таңба


Облыстың кадастрлық коды

Облыстың кадастрлық коды

Мәтін

2

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОС коды

Мәтін

9

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      2. "Аудан мен аудандық және облыстық маңызы бар қаланың әкімшілік шекаралары" қабаты – "Ar_ өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Аты

Аудан атауы

Мәтін

250

Таңба


Ауданның кадастрлық коды

Ауданның кадастрлық коды

Мәтін

5

Таңба


 
ӘАОС коды

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

Мәтін

9

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      3. "Ауылдық округ шекаралары" қабаты – "So_өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіiш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Аты

Ауылдық округ атауы

Мәтін

250

Таңба


ӘАОС коды

Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

Мәтін

9

Таңба


Шекаралардың белгіленген жылы

Шекаралардың белгіленген жылы

Мәтін

50

Таңба


Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Мәтін

50

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Күн

Авто

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Координатталған

Координатталған

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      4. "Елді мекен шекаралары" қабаты – "N_өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Аты

Ауылдық округ атауы

Мәтін

250

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОС коды

Мәтін

9

Таңба


Шекаралардың белгіленген жылы

Шекаралардың белгіленген жылы

Мәтін

50

Таңба


Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Шекаралардың бекітілгендігі туралы ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Шекараларды бекіту туралы құжаттың нөмірі

Мәтін

50

Таңба


Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Шекараларды бекіту туралы құжаттың күні

Күн

Авто

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Координатталған

Координатталған

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Базалық мөлшерлеме

Базалық мөлшерлеме (есептелетін елді мекеннің базалық мөлшерлемесі көрсетіледі)

Қосарланған

Авто

Таңба


Базалық мөлшерлемеден коэффициент

Базалық мөлшерлемеден коэффициент (есептелетін елді мекеннің базалық мөлшерлемесінен коэффициент көрсетіледі)

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      5. "Елді мекендердің құрамдас бөліктерінің шекаралары" қабаты – "M_өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Аты

Ауылдық округ атауы

Мәтін

250

Таңба


Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышының (бұдан әрі – ӘАОС) коды

ӘАОС коды

Мәтін

9

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба

Болған жағдайда

Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


      6. "Геоним" қабаты – "G_өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Жаңа атауы

Жаңа атауы

Мәтін

250

Таңба


Ескі атауы

Ескі атауы

Мәтін

250

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба

Болған жағдайда

Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


      7. "Жылжымайтын объектілердің шекаралар" қабаты – "Ned_өңір коды_аудан (қала) коды"

Жол атауы

Жолдың сипаттауы

Жол типі

Жол өлшемі

Өлшем бірлігі

Ескерту

Объект

Есептегіш

Объектіні сәйкестендіргіш

Авто

Таңба


Нысан

Объект жолы
Объектілерді байланыстыру және кіріктіру

Геометрия

Авто

Таңба


Сәйкестендіргіш

Сәйкестендіру нөмірі

Ұзын бүтін сан

Авто

Таңба


Көшелердің атауы

Көшелердің атауы

Мәтін

250

Таңба


Үйдің нөмірі

Жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

10

Таңба


1-көшелердің атауы

1-көшелердің атауы

Мәтін

250

Таңба


1-үй нөмірі

1-жылжымайтын объект нөмірі

Мәтін

10

Таңба


Қабаттылығы

Қабаттылығы

Қысқа бүтін сан

Авто

Таңба


Сипаттамасы

Сипаттамасы

Мәтін

250

Таңба


Атауы

Объектінің атауы

Мәтін

250

Таңба


Объект типі

Нысан түрі

Текст

250

Таңба


Көше коды

Көше коды

Мәтін

5

Таңба


Кадастрлық коды

Кадастрлық коды

Мәтін

12

Таңба


Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Мәтін

250

Таңба


Құрылған күні

Құрылған күні

Күн

Авто

Таңба


Өзгертілген күні

Өзгертілген күні

Күн

Авто

Таңба


Мекенжайды тіркеу коды (бар болса)

Мекенжайды тіркеу коды (бар болса)

Мәтін

20

Таңба


Нысан ұзындығы

Периметр

Қосарланған

Авто

Таңба


Нысан алаңы

Алаңы

Қосарланған

Авто

Таңба


  Электрондық жер-кадастрлық
карталарды жасау жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша

Шартты белгілер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.12.2023 № 416 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шартты белгі нөмірі Шартты белгінің атауы Бейнеленуі Түсіндірме

1

Қазақстан Республикасының шекарасы




0,5 миллиметр (бұдан әрі – мм) қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,4 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 0,8 мм)

2

Облыс шекарасы





Екі нүктемен бөлінген 0,4 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,0 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 2,4 мм)

3

Әкімшілік аудан шекарасы





Нүктемен бөлінген 0,4 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 2,4 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 2,0 мм)

4

Елді мекен шекарасы





Үш нүктемен бөлінген 0,3 мм қара түсті үзік сызық (үзік сызықтың ұзындығы – 5,0 мм, пунктирлер арасындағы интервал – 5,0 мм)

5

Елді мекен атауы (картографиялық негізде жоқ болған жағдайда)

Аршалы

Қаріп түрі – Times New Roman, жартылай қою, қаріп биіктігі – 3,0 мм

6

Кадастрлық облыс шекарасы





0,8 мм қалыңдықтағы жасыл түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, штрих ұзындығы – 6,0 мм)

7

Кадастрлық аудан шекарасы


0,8 мм қалыңдықтағы сары түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, штрих ұзындығы – 6,0 мм)

8

Кадастрлық орам шекарасы


0,8 мм қалыңдықтағы көгілдір түсті үзік сызық, штрихтер арасындағы интервал – 2 мм, ұзындығы – 6,0 мм)

9

Кадастрлық облыс нөмірінің жазылуы





Жасыл түсті араб цифрлары, биіктігі – 6,0 мм, типі – жартылай қою

10

Кадастрлық аудан нөмірінің жазылуы





Сары түсті араб цифрлары, биіктігі – 5,0 мм, типі – жартылай қою

11

Кадастрлық орам нөмірінің жазылуы





Көгілдір түсті араб цифрлары, биіктігі – 4,0 мм, типі – жартылай қою

12

Бірыңғай мемлекеттік жерлер тізіліміне енгізілген жер учаскелерінің масштабпен көрсетілген шекаралары





0,3 мм қалыңдықтағы қара түсті тұтас сызық

13

Ресімделмеген жер учаскелерінің шекаралары, NU_**_*** қабаты





0,3 мм қалыңдықтағы қызыл түсті тұтас сызық

14

Сәйкес келмейтін жер учаскелерінің шекаралары, NU_**_*** қабаты





0,3 мм қалыңдықтағы жасыл түсті тұтас сызық

15

Тұрғын және тұрғын емес құрылыстар





Сары түсті, ені 10 мм, биіктігі 2 және 5 мм болатын контур

16

Ресімделген жер учаскесінің контуры


Көгілдір түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы қара түсті контур

17

Ресімделмеген жер учаскесінің контуры, NU_**_*** қабаты





Ашық қоңыр түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы қызыл түсті контур

18

Ресімделген жер учаскесімен сәйкес келмейтін жер учаскесінің контуры, NU_**_*** қабаты





Ашық жасыл түспен толтырылған, 0,3 мм қалыңдықтағы жасыл түсті контур

19

Сызық (көшелер, жолдар) G_**_*** қабаты



Қалыңдығы 1,0 мм сызық, түсі қоңыр


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады