Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29882 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 35 бұйрығымен
бекітілген

Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

      Осы қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерімен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерін алу мақсатында әзірленді.

1 тарау. Негізгі ұғымдар

      1. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар КЖ / ТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағынада пайдаланылады:

      1) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      2) Клиент – қаржы мониторингі субъектісінің көрсетілетін қызметтерін алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      3) уәкілетті орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган.

2 тарау. Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

      2. Қаржы мониторингі субъектісінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағында көрсетілген шараларды жүзеге асыруды қамтиды.

      3. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттен (оның өкілінен) бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін қажетті немесе жеткілікті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуды, сондай-ақ салықтық резиденттігі, қызмет түрі мен қызметі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы.

      4. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттің бенефициарлық меншік иелерін анықтау мақсатында клиенттен (оның өкілінен) осы Қағидаларға қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер нысанына сәйкес бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді сұратады.

      5. Клиенттер (олардың өкілдері) қаржы мониторингі субъектілеріне КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті бенефициарлық меншік иелері туралы анық, жеткілікті және өзекті мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      6. Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс.

      7. Қаржы мониторингі субъектілері "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 13 бұйрығына сәйкес уәкілетті органның сұрау салуы бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсынады. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген)

  Қаржы мониторингі
субъектісінің сұрау салуы
бойынша клиенттердің
(олардың өкілдерінің)
бенефициарлық меншік иелері
туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
қосымша

Қаржылық мониторинг субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер нысаны

  Нысанды толтыру күні_____

Қаржы мониторингі субъектісінің клиенті бойынша жалпы деректер

1.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


2.

Тіркеу мемлекетінде уәкілетті орган берген сәйкестендіру нөмірі немесе тіркеу нөмірі (коды) (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БСН берілмеген жағдайда)


3.

Клиенттің атауы


Бенефициарлық меншік иесінің қаржы мониторингі субъектісінің клиентіне бақылауды жүзеге асыру тәртібі *

4.

Жарғылық капиталға қатысу үлесінің 25%-дан астамы/орналастырылған және дауыс беретін акциялардың 25%-дан астамын иелену

Иә
Жоқ

түсініктеме (бар болса)

Клиентті бақылауды жүзеге асыру

Иә
Жоқ

түсініктеме (бар болса)

Мүдделерінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасалатын тұлға

Иә
Жоқ

түсініктеме (бар болса)

Қаржы мониторингі субъектісі клиентінің бенефициарлық меншік иесінің деректері*

5.

Тегі


6.

Аты


7.

Әкесінің аты (бар болса)


8.

Туған күні


9.

Резиденттік елі**


10.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)


11.

Тіркеу еліндегі сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға ЖСН берілмеген жағдайда)


12.

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі


13.

Қашан және кім берді


14.

Өзге ақпарат (бар болса)


      Ескерту:

      * Егер бенефициарлық меншік иелері біреуден артық болған жағдайда толтыру үшін осы бөлім төменде қайталануы мүмкін;

      ** "Кедендік құжаттарды толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес резиденттігі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады