"Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 405 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 70 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қазанда № 30069 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1."Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ";

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында, көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.";

      Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымшада:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы

Елеулі

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Болмашы

      ";

      өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

13

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ";

      өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ";

      реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

23

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ";

      жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақта, көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласында жұмыс берушінің сақтауы

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрі
________Т. Дүйсенова
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрі
_______ А. Қуантыров

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады