"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30967 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бала бір секцияға (үйірмеге) қатысады бос орындар болса немесе кезек болмаған жағдайда, қосымша басқа секцияға немесе үйірмеге қатыса алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдарда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдері (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырады.";

      12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізуді білім беруді басқару органдары Конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде жүзеге асырады.

      Комиссияның құрамы жыл сайын білім беруді басқару органның шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті уәкілетті және атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы ресми хат-хабар арқылы кандидатураларды ұсынады.

      Комиссияның құрамы төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан, бірақ Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады.

      Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып қалыптастырылады.

      Білім басқармасы органының басшысы комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органдарының шешімі негізінде тоқтатылады.

      Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген ұсыным қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия тоқсанына кемінде бір рет мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін конкурстық рәсімді өткізеді.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін білім беруді басқару органдары қаржы жылы ішінде жаңартады.

      13. Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және мыналарды:

      1) "Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;

      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;

      3) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;

      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;

      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;

      7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      14. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

      4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

      5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

      4) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);

      5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Құжаттарды ҚҚҚБ-де тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беру органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      19. Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған немесе бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 5 (бес) және одан да көп жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдар 14-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда және осы Қағидалардың 15 және 18-тармақтарында көзделген тәртіппен келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде мектепке дейінгі ұйымдар Комиссияның актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және басшы қол қойған растайтын құжаттарды білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-ге қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.

      Мектепке дейінгі ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған кезде, Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына мектепке дейінгі ұйымның тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беруді басқару органдары Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізілген мектепке дейінгі ұйымдармен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      Мектепке дейінгі ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде бір қаржы жылына жасалады.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты жасалғаннан кейін мектепке дейінгі ұйым бос орындар туралы мәліметтерді білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйелерінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Білім беруді басқару органын хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң мектепке дейінгі ұйым мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландыруды орналастыру болуы туралы ақпарат;

      3) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

      Көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ЕАББ электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

      Құжатты электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.

      Білім беруді басқару органының ҚҚҚБ-сі мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына тапсыру күні мен уақыты белгіленген құжатты тіркеу туралы анықтам (талон) береді.

      37. Көрсетілген құжаттарды тіркегеннен кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) № 29/қе бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;

      2) медициналық қызметке лицензия;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар";

      59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады және бiр баланы қамтамассыз ету орташа құнын айқындайды.

      Балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемінде білім беру тапсырысы шеңберінде қосымша білім алатын 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың санына мынадай шығындар өтеледі:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Ұйым қызметкерлерінің жалақысы;

      2) ғимаратты (орынды) ұстауға және пайдалануға жұмсалатын шығыстар;

      3) мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығыстар;

      4) қосымша білім беру бағытына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған шығыстар.

      Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан балалардың қосымша білім берудің білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымға бармайтын осындай шектеу іс-шараларының қолданысы кезеңінде балалардың қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша айқындалатын көлемде және мөлшерде қаржыландырылады.

      60. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беруді басқару органдары өздерінің интернет-ресурстарында қосымша білім берудің түрлері мен бағыттары бойынша орындар саны, бір балаға есептегенде орташа құны, елді мекендер бөлінісінде және балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын ең төменгі талаптар туралы хабарландыру жариялайды.

      Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін Комиссияның құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.";

      62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Ұйымдардың тізбесін қалыптастыруды тұрақты жұмыс істейтін Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасы негізінде білім беруді басқару органдары жүзеге асырады.

      Комиссия құрамы жыл сайын білім беруді басқару органының шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Комиссия құрамы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, бiлiм беру органдарының, үкiметтiк емес ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және өңірлік кәсiпкерлер палатасының өкiлдерiнен олардың тең үлесiн қамтамасыз ете отырып жасақталады.

      63. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, білім беруді басқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және өңірлік кәсіпкерлер палатасы сұранысты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми хат алмасу арқылы кандидатураларды ұсынады.";

      65, 66, 67, 68, 69, 70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Комиссия мүшелерінің саны Комиссия төрағасын қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамды құрайды және тақ болып табылады.

      Комиссия төрағасы білім беруді басқару органының басшысы немесе оның орынбасары болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органының шешімі негізінде тоқтатылады.

      66. Балаларды қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу оларда мынадан құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) өтініш;

      2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым Жарғысы (ереженің, құрылтай шартының);

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау шарты;

      4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламалар;

      5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтер;

      6) жоғары және бірінші санаттағы, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаттары бар педагогтердің олардың жалпы санынан педагогикалық құрамның жалпы санының кемінде 10 пайызы;

      7) қосымша білім беру саласындағы Ұйымның жұмыс тәжірибесі (жарғыға, құрылтай құжаттарымен, шарттармен);

      8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      9) рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      10) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамалары;

      11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;

      12) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер;

      13) өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері;

      14) ҚРҮ№ 305 Қ-на сәйкес бейне мұрағатты 30 (отыз) тәуліктен кем емес сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камералары.

      67. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар мына құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

      3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

      4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

      5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

      6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

      7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

      8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

      9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

      68. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы), Ұйымның интернет-ресурсы және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы тіркеу;

      4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;

      5) балалардың қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (болуы) екендігі туралы мәліметтер.

      69. Осы Қағидалардың 67-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беруді басқару органдары балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы хабарландыру орналастырылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ұйымдар басшының қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды білім беруді басқару органдары кеңсесінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.

      Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтаманы (талонды) білім беруді басқару органының кеңсесі ұйымның электрондық поштасына жібереді.

      70. Комиссия білім беруді басқару органында құжаттарды тіркеу аяқталған күннен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.

      Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеумен Ұйымдардың қатысуымен қаралады.

      Ұйымдар ұсынған құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

      Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.

      3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның мүшелері қатарынан айқындаған жұмыс тобы ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар талаптарына сәйкестігін айқындау үшін Ұйымға баруды жүзеге асырады.

      Комиссия хаттамасының негізінде білім беру органдары 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берген кездегі атауын, бос жұмыс орындарының санын және байланыс деректерін көрсете отырып, Ұйымдардың Тізімін қалыптастырады.

      Ұйымды Тізбеге енгізуден бас тарту балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы келесі хабарландыруға қайта қатысуға кедергі келтірмейді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған ұйымдар жаңартылған құжаттар ұсынылған және осы Қағидалардың 66 және 67-тармақтарына толық сәйкес келген жағдайда келесі күнтізбелік жылға Ұйымдар тізбесіне енгізіледі.

      71. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу;

      2) егер ол осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес келмесе, Ұйымда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізіміне енгізуден бас тарту.";

      83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ұйымдарда күнтізбелік жылда бір рет осы Қағиданың 66-тармағының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету, оның ішінде балалардың сабаққа қатысуы туралы жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

      Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, білім беру органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан Ұйымға бару арқылы жүзеге асырады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімі көрсетілген хабарламаны Ұйымға тапсырыс хатпен немесе электрондық пошта арқылы бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде акт жасайды және Ұйымдардың қарауы үшін білім басқармасы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      84. Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде Ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органының кеңсесіне басшы қол қойған растайтын құжаттарды электрондық нұсқада ұсынады.

      Құжаттарды электронды форматта мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды білім басқармасы органдарының кңсесіне қағаз форматта жіберіледі.

      Қайталанатын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Ұйым Комиссияның тиісті шешімі негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесінен шығарылуға жатады.

      Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органына Ұйымның Тізбеден шығарылғаны туралы хабарлайды. Білім беруді басқару органдары Ұйымдардың тізбесін ресми интернет-ресурстарда өзектендіреді және Комиссияның хабарламасын алған күні ұйымды қаржыландыруды тоқтата тұрады.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар және осы Қағидалардың талаптары туралы өтініштері негізінде білім басқару органы ӘРПК көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады