"Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы "20" желтоқсандағы № 202 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31056 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 202 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16171 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көрсеткіштерін қалыптастыру және жалпы шығарылымын есептеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымы көрсеткішін қалыптастыру және есептеу кезінде қолданады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішіне сәйкес өнеркәсіптік статистикаға мына секторлар жатады:

      тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;

      өңдеу өнеркәсібі;

      электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау;

      сумен жабдықтау;

      қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өнеркәсіптік өнімнің көрсеткіштерін қалыптастыру үшін статистикалық ақпарат ай сайын былай қалыптастырылады:

      жаппай есепке алу: есепті айдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен жөнелту туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша орта, ірі және шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден жоғары) өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша;

      есепті түрде: шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден асатын кәсіпорындарды қоспағанда) өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша жете есептеу жүзеге асырылады - соңғы тоқсанға шағын өнеркәсіп кәсіпорындары өндірісінің тоқсандық көлемі 1/3;

      қызметінің қосалқы түрі "Өнеркәсіп" болып табылатын кәсіпорындар бойынша (қызметкерлерінің санына қарамастан) - соңғы тоқсанға қызметінің қосалқы түрі "Өнеркәсіп" болып табылатын кәсіпорындардың тоқсандық көлемі 1/3;

      дара кәсіпкерлер бойынша – соңғы есепті кезеңге дара кәсіпкерлер қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жылдық деректерінің 1/12 бөлігі;

      үй шаруашылықтарының секторы бойынша – үй шаруашылықтарының шығыстары мен табыстары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Өндірістің нақты және құндық мәндегі көлемі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өндірістің нақты мәндегі көлемі туралы статистикалық ақпарат кәсіпорындар бойынша және сала ауқымында олардың жеке түрлерінің жиынтық қорытындысын алуды қамтамасыз ететін өнімдер атауының белгіленген тізбесіне сәйкес қалыптастырылады. Өндірістің нақты мәндегі көлемі есепке алудың біркелкілігін және деректерді жинақтауды қамтамасыз ететін өлшем бірліктерде өзінің түпкілікті тұтынуы үшін өнімді қоса алғанда жалпы шығарылым бойынша есепке алынады.

      Өндірістің нақты мәндегі көлемі туралы көрсеткіштер өнеркәсіптік өнімді өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметін ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық тобы бойынша есепке алынады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемі құндық мәнде өндіруші кәсіпорындардың бағаларында есептеледі, яғни қосылған құн салығы және акциздер, сауда және өткізу үстемесі, өндірушіден сатып алушыға өнімнің қозғалысына байланысты көлік және басқа да шығыстар есепке алынбайды. Өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлеміне өткізуге арналған өнімнің, одан әрі қайта өңдеуге арналған тауарлардың, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) (ағымдағы жөндеуден және меншікті негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуден басқа) құны енгізіледі. Өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірілген өнімнің көлеміне олардың құны бойынша, бұл ретте жұмсалған меншікті қосалқы материалдардың құнын қоса алғанда, бірақ тапсырыс берушіден алынған бұйымдар мен материалдардың құнынсыз енгізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Шикізатты өңдеуді негізінен еңбекті көп қажет ететін өндірістік процестер және төмен капитал сыйымдылығымен сипатталатын, технологиялары төмен деңгейлі қызмет түрлері құрайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Төмен технологиялы өндіріске Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің төмендегі бөлімдеріне сәйкес келетін, көп капиталды қажет ететін, технологиялары төмен деңгейлі өңдеу өнеркәсібінің саласы жатқызылады:

      тамақ өнімдерін өндіру;

      сусындар өндіру;

      темекі өнімдерін өндіру;

      тоқыма бұйымдарын өндіру;

      киім өндіру;

      былғары және оған жататын өнімдерді өндіру;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;

      қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;

      полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту;

      жиһаз өндіру;

      өзге де дайын бұйымдар өндіру.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жоғары технологиялы, орта жоғарғы технологиялы және орта технологиялы өңдеу өндірісі неғұрлым күрделі технологиялармен, біліктілікке деген жоғары талаптармен, кешенді оқыту мен технологиялық белсенділікпен сипатталады. жоғары технологиялық өндірістерде ғылыми әзірлемелерге, технологиялық инфрақұрылымға жоғары инвестициялары, арнайы техникалық дағдылардың деңгейі және тығыз институционалдық өзара іс-қимылы бар озық тез өзгеретін, Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің келесі бөлімдеріне сәйкес келетін технологиялар қолданылады:

      жоғары технологиялы:

      негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру;

      компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;

      орта және жоғары технологиялы:

      химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;

      электр жабдықтарын өндіру;

      басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;

      автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру;

      басқа көлік құралдарын өндіру;

      орта технологиялы:

      кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;

      резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру;

      өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру;

      металлургия өндірісі;

      машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қаржылық емес сектор бойынша қолданыстағы бағалардағы тауарлық шығарылым ай сайын мынадай формула бойынша есептеледі:



     

- негізгі және қосалқы қызмет түрі "Өнеркәсіп" болып табылатын кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер, шаруа немесе фермер шаруашылықтарының қолданыстағы бағадағы өндірілген өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтерінің) көлемі;

     

- ай сайынғы статистикалық байқау деректері бойынша алынған, орта, ірі және шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден жоғары) өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағада өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;

     

- тоқсан сайынғы статистикалық байқау деректері бойынша алынған, шағын (жылдық өндіріс көлемі 1 миллиард теңгеден асатын кәсіпорындарды қоспағанда) өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағадағы өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;

     

- тоқсан сайынғы статистикалық бақылау деректері бойынша алынған, қосалқы қызмет түрі "Өнеркәсіп" болып табылатын кәсіпорындар бойынша қолданыстағы бағадағы өндірілген өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) көлемі;

     

- дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер шаруашылықтары өндірген өнім көлемі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қаржылық емес сектор өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі статистикалық себептер бойынша жасырын қызметке жете есептеумен есептеледі, яғни кәсіпорындарды толық қамтымау және шығарылатын өнім туралы есепті алмау:

     


      мұнда:


- статистикалық себептер бойынша жасырын қызметті жете есептеуді есепке алумен қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі;

     

- қаржылық емес сектор өнімінің жалпы шығарылым көлемі;

     

- статистикалық себептер бойынша жасырын қызметтің өндірілген өнім көлемі.";

      31-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
Ж. Шаймарданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады