Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ерейментау ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 7С-29/4-22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шілдеде № 28686 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ерейментау ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады