"Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 тамыздағы № 147 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29216 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5237 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 тіркелген) бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпшілік демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның салаларынан қашықтықта орналасқан нысандар мен өндірістің қауіптілік класына байланысты арнайы жабдықталған (жабық) орындарда асырау керек.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы
С. Шинтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады