Қобда ауданы Жарсай ауылдық округінің Жарсай және Ақсай ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30176 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жарсай ауылдық округінің Жарсай және Ақсай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Жарсай ауылдық округі Жарсай ауылының келесі көшелері:

      М. Калинина көшесін Әлихан Бөкейхан көшесіне;

      Я. Работягов көшесін Сарыарқа көшесіне;

      Студенттер көшесін Алаш көшесіне;

      Достық көшесін Томирис көшесіне;

      Тәуелсіздік көшесін Ұлы Дала көшесіне;

      Пацаев көшесін Арыстан баб көшесіне;

      Ә. Молдағұлова көшесін Сауран көшесіне;

      И. Білтабанов көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне қайта аталсын.

      2. Жарсай ауылдық округі Ақсай ауылының келесі көшелері:

      Астана көшесін Жамбыл көшесіне;

      А. Құнанбаев көшесін Роза Бағланова көшесіне қайта аталсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарсай ауылдық округінің әкімі Р. Байгельдинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады