Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жарық округінің Жарық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:

      Астана көшесі Тәуке хан көшесіне;

      Ә. Молдағұлова көшесі Бұқар жырау көшесіне;

      Желтоқсан көшесі Ақан сері көшесіне.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округінің әкімі Е. Имангазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады