Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 қазандағы № 46 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30173 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының келесі көшелері:

      Астана көшесін Жұмекен Нәжімеденов көшесіне;

      Жастар көшесін Мұқағали Мақатаев көшесіне;

      Желтоқсан көшесін күйші Дәулеткерей көшесіне қайта аталсын.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Терісаққан ауылдық округінің әкімі А. Клютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады