"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 527 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 11 наурызда № 27086 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы №527 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5319 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде "Алматы облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Тұяқовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі К. Бозумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады