Теміртау қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29215 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Теміртау қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары В.М. Цай тағайындалсын және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Теміртау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі К. Бегимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады