Карантинді тоқтату және Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 1 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қантарда № 26534 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 06-05-02-16/705 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, карантин тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 4 қарашадағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25026 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Угар ауылдық округінің әкімі Н. Кошкинбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады