Шектеу іс-шараларын алу және Шет ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 05/01 "Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Еңбекшіл, Ақшатау кентінің Жарылғап батыр, Босаға ауылдық округінің Босаға, Киікті ауылдық округінің Киікті ауылдарына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 23/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 наурыздағы № 06-08-02/94 ұсынысы негізінде, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Еңбекшіл ауылы, Ақшатау кентінің Жарылғап батыр ауылы, Босаға ауылдық округінің Босаға ауылы, Киікті ауылдық округінің Киікті ауылы аумақтарында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит және вирустық диареямен ауыратын ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің өткізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №05/01 "Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Еңбекшіл, Ақшатау кентінің Жарылғап батыр, Босаға ауылдық округінің Босаға, Киікті ауылдық округінің Киікті ауылдарына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26643 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Мухтаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады