Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 ақпанда № 26760 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 ақпандағы
  № 51 қаулысымен
  бекітілген

Қостанай облысының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында Көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі Көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін Көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы Көрстетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен Көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын Көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы Көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын Көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста Көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда Көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы Көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде Көрсетілетін қызметте телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды Көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы Көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада Көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада Көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне
  қосымша

Қостанай облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 және кейінгі жылдар (теңге)

1

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы сантиметр

1333

1386

1441

2

Қостанай облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вn)

шаршы сантиметр

208

216

225

3

Интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Вi)

символ

145

151

157

4

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Вtv)

минут

250 000

260000

270400

5

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)

минут

25 745

26 775

27 846

6

Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (телебағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Вtv)

минут

16 546

17 208

17896

7

Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (балалар телебағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Вtv)

минут

16 664

17 331

18 024

8

Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (білім беру телебағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Вtv)

минут

18 599

19 343

20 117

9

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Қостанай облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді орналастыру) (Вtv)

минут

13 016

13 537

14 078

10

Рудный қаласының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)

минут

5 615

5 840

6 074

11

Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Арқалық қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру). радиоарналар (Вtv)

минут

2 000

2 080

2 163

12

Міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін арналарды қоспағанда, Лисаков қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда қызмет көрсету (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)

минут

2 750

2 860

2 974

13

Жітіқара ауданының аумағында міндетті теле -, радиоарналардың тізбесіне және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телевизияда көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Вtv)

минут

1 500

1 560

1 622

14

Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (радиобағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

4 185

4 352

4526

15

Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (сюжеттерді дайындау және орналастыру) (Br)

минут

8 773

9124

9 488

16

Қостанай облысының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (аудиороликтарды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

8 773

9 124

9 488

17

Қостанай қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

524

545

567

18

Рудный қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

481

500

520

19

Лисаков қаласының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

1 575

1 638

1 704

20

Жітіқара ауданының аумағында таратылатын радиоарнада көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды дайындау және орналастыру) (Br)

минут

200

208

216


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады