Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 "Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 173 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27776 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы" 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9499 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:

      1) осы шешімнің 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде;

      2) осы шешімнің 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген қызметкерлерді қоспағанда, Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.".

      2) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Жұмысқа жіберілген "Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың", "Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың", "Неонатология", "Педиатрия" мамандықтары бойынша дәрігерлерге облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерін айқындалсын:

      1) Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

      2) Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.

      2-2. Жұмысқа жіберілген "Кардиология ересектердің, балалардың", "Онкология", "Онкология және гематология балалардың", "Онкология радиациялық", "Онкология химиотерапевтік", "Инфекциялық аурулар ересектердің, балалардың", "Психиатрия ересектердің, балалардың", "Фтизиатрия ересектердің, балалардың", "Гастроэнтерология ересектердің, балалардың", "Патологиялық анатомия", "Нефрология ересектердің, балалардың", "Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың", "Гематология ересектердің", "Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың" мамандықтары бойынша дәрігерлерге облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:

      1) Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      2) Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады