Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Белозер ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 маусымда № 28641 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 01-30/289 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Қостанай облысы Қостанай ауданының Белозер ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24296 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Белозер ауылдық округінің әкімі Е. Байжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады