Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 115 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30596 болып тіркелді

      Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 25 маусымдағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7971 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Г. Бекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Меңдіқара аудандық

      мәслихаты

  Меңдіқара ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 11 қарашадағы
  № 115 қаулысына
  қосымша
  Меңдіқара ауданы әкімдігінің
  2018 жылғы 25 маусымдағы
  № 105 қаулысына
  қосымша

Меңдіқара ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.

      2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы);

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның музыкалық бөлім меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      6) аккомпаниатор;

      7) библиограф;

      8) кітапханашы;

      9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      11) музыкалық жетекші;

      12) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      13) хореограф;

      14) дыбыс режиссері;

      15) барлық мамандық мұғалімдері;

      16) режиссер;

      17) хормейстер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады