Шектеу іс- шараларын тоқтату және Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 мамырда № 28232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 1 – тармағына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 2-02/85 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Шілікті ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27216 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жолболды ауылдық округінің әкімі Х. Ахтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады