Баянауыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27432 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Баянауыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Р.Р. Мукашев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл ауданының әкімі С. Батыргужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады