2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27738 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 15 сәуірдегі
  № 78 Қаулысына
  қосымша

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 20.10.2022 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Субсидияланатын тұқымдардың санаты

Бюджет қаражатының көлемі, теңге

Бірегей тұқымдар

56 981 260

Элиталық тұқымдар

526 524 937

Бірінші репродукция тұқымдары

265 564 462

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

755 501 341

Барлығы

1 604 572 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады