Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің м. а. 2022 жылғы 27 шiлдедегi № 15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 шiлдеде № 28934 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 04 шілдедегі № 7 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а Ж. Батырбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады